Accessibility links

Алматыдағы президент резиденциясы республикалық маңызы бар ескерткіштер тізімінен ресми түрде алынды


Қаңтар оқиғасынан кейін бүлінген президент резиденциясы. Алматы, 6 қаңтар 2022 жыл.
Қаңтар оқиғасынан кейін бүлінген президент резиденциясы. Алматы, 6 қаңтар 2022 жыл.

Қаңтар оқиғасы кезінде бүлінген Алматыдағы президент резиденциясы республикалық маңызы бар тарихи және мәдени ескерткіштер тізімінен ресми түрде алынды. Бұл жөнінде мәдениет және спорт министрлігінің бұйрығына сүйенген жергілікті БАҚ хабарлады.

Президент резиденциясының маңызды ескерткіштер тізімінен алынатыны наурызда белгілі болған, арнайы бұйрыққа енген өзгерістер 7 мамырда күшіне енді.

Сәуір айының басында үкімет аталған резиденцияны бұзуға 6 млрд теңге (қазіргі доллар бағамы бойынша 13 млн доллардан астам) қаражат бөлетінін хабарлаған еді.

Қаңтар оқиғасы кезінде Алматыдағы президент резиденциясын наразылар басып алған. Ғимарат ішінде өрт болған. Ақпанда жергілікті ақпарат құралдары президент істері басқармасына сүйене отырып, ғимараттың бірінші қабатына "бүлікшілер көлік айдап кіріп, жарған, ғимарат өртенген" деп жазды.

Наурызда билік ғимаратты бұзу туралы шешім шығарған. Қайта жөндеу және даму жөніндегі қазақстандық көп салалы институттың директоры Жұмағұл Нугужинов ғимарат айрықша белгісінен айырылғандықтан оны толық сүру қажеттігін айтқан.

Осыған дейін қаржы министрлігі "қаңтар оқиғасының салдарын жоюға" үкімет 31 млрд теңге қаражат қарастырып отырғанын айтқан. 21 миллиарды Алматы мен өзге өңірлердегі шағын және орта бизнес субъектілерін қолдауға жұмсалады.

Қарай отырыңыз: Қаңтар көтерілісі. Арнайы репортаж (Қаңтар айы, 2022 жыл).

Қаңтар көтерілісі. Арнайы репортаж
please wait

No media source currently available

0:00 0:30:23 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG