Accessibility links

"Роскосмос" басшысы Байқоңырда британдық блогер мен Беларусь азаматы ұсталғанын хабарлады


"Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин.
"Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин.

7 мамырда "Роскосмос" басшысы Дмитрий Рогозин Ресей Қазақстаннан жалға алған Байқоңырда британдық Бенджамин Рич және Беларусь азаматы Алина Зелупаның ұсталғанын хабарлады.

Рогозин Телеграм-арнасында оларды құқық қорғау органдары зымырандарды ұшыратын алаң аумағында ұстап, қалалық полиция басқармасына жеткізгенін хабарлады. "Роскосмос" жетекшісінің жазуынша, олардың "заңға қайшы әрекеттеріне" қатысты "тергеу амалдары жүріп жатыр". Бірақ жай-жапсары айтылмаған.

Кейін Дмитрий Рогозин ұсталғандардың төлқұжаттарының суретін жариялады.

Ақпарат құралдарының жазуынша, британдық блогер Бенджамин Рич Беларусьте ұзақ уақыт тұрып, ондаған видеоролик түсірген.

  • Мәскеу Қызылорда облысындағы Байқоңыр айлағын 2050 жылға дейін жалға алған. Осы уақыт аралығында Байқоңыр Ресейдегі федералдық маңызы бар қала санатына ие болады.
  • Келісім-шарт бойынша, Ресей ай сайын Қазақстанға 115 млн доллар төлеуі тиіс. Кейінгі жылдары Байқоңырдан ұшатын зымырындар азайған. Сарапшылардың айтуынша, бұл ғарыш нарығында Мәскеу үлесінің азаюымен және бірінші кезекте америкалық SpaceX компаниясымен бәсекеге түсуімен байланысты. SpaceX өте ауыр Falcon зымырандарын бірнеше рет пайдалану амалын тауып, ұшыру құнын едәуір азайтқан, осылайша Роскосмос секілді бәсекелестерін нарықтан ысырған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG