Accessibility links

АҚШ Тәжікстанға әскери дрондар береді


АҚШ-тың Тәжікстандағы елшісі Джон Марк Поммершайм.
АҚШ-тың Тәжікстандағы елшісі Джон Марк Поммершайм.

Вашингтон таяу екі жылдың ішінде Тәжікстанның қауіпсіздік саласына 60 миллион доллардан астам қаражат бөледі. Бұл туралы АҚШ-тың Тәжікстандағы елшісі Джон Марк Поммершайм мәлімдеді.

Оның сөзінше, аталған көмек аясында АҚШ Тәжікстанға шекарадағы бақылауды күшейту үшін "Puma" дронын береді. Осы бойынша тараптар 20 миллион долларлық келісімге келген.

Поммершайм Тәжікстан үшін Ауғанстанның солтүстік бөлігінде орналасқан террорлық топтардан қауіп бар екенін жеткізді. Ол әзірге АҚШ-тың Тәжікстан аумағында әскери база ашуға ниеті жоқ екенін айтты.

"АҚШ тәжік-ауған шекарасына бекеттер, сонымен бірге 900 шекарашыға және олардың отбасы мүшелеріне шекара отрядын құрып беру жоспарда бар", - деді Поммершайм.

Ресми мәліметке сәйкес, АҚШ үкіметі 1992 жылдан бері Тәжікстанның қорғаныс саласына көмек ретінде 330 миллион доллардан астам қаржы бөлген.

АҚШ елшілігі мәлімдемесінде Вашингтон соңғы 30 жылдың ішінде қауіпсіздік, экономикалық даму, денсаулық сақтау, азаматтық қорғаныс және білім беру бағдарламалары аясында Тәжікстанға көмек ретінде жалпы 1,8 млрд доллар қаржы бөлінгені айтылған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG