Accessibility links

Жамбыл облысында жолаушылар автобусы аударылып, екі адам қаза болды, ондаған адам жарақат алды


Автобус апаты. Жамбыл облысы, 12 мамыр 2022 жыл.
Автобус апаты. Жамбыл облысы, 12 мамыр 2022 жыл.

12 мамырда Жамбыл облысында жолаушылар автобусы апатқа ұшырап, екі адам қаза болды, 33 адам түрлі жарақатпен ауруханаға түсті. Бұл жөнінде облыстық полиция департаменті хабарлады.

Полиция ақпаратынша, рейс автобусының жолаушысы жаңбыр мен бұршақ кезінде көлікті басқара алмай, сол бағытта жүріп жатқан трактордың тіркемесіне соғылған.

"Жол апатының салдарынан жүргізушінің көмекшісі мен бір жолаушы оқиға орнында қаза болды, 33 адам ауруханаға жеткізілді, үшеуі реанимацияда жатыр" деп жазылған Жамбыл облысы полиция департаментінің баспасөз қызметінің хабарламасында.

Жамбыл облысы төтенше жағдай департаментінің хабарлауынша, Өзбекстанда тіркелген жолаушылар автобусы Алматы – Ташкент автожолының 571-шақырымында (бұл Батыс Еуропа – Батыс Қытай трассасының бір бөлігі), Бауыржан Момышұлы атындағы ауылдан алты шақырым жерде аударылған.

Полиция "Жол немесе көлік құралын пайдалану ережесін бұзу" (345-бап) бойынша қылмыстық іс қозғаған.

Жамбыл облысы төтенше жағдай департаменті автобуста болған жолаушылар мен жүргізушілердің жақындары мен туыстарына психологиялық көмек көрсететін "шұғыл желі" ашылғанын хабарлады.


XS
SM
MD
LG