Accessibility links

Байден Швеция мен Финляндияның НАТО-ға мүшелігін қолдады, Түркиядан ұстанымын түсіндіруді сұрады


АҚШ президенті Джо Байден.
АҚШ президенті Джо Байден.

Президент Джо Байден АҚШ және Финляндия мен Швецияның "қорғаныс саласындағы тығыз қарым-қатынасын" атап өтті. Ол бұл сөзін 13 мамыр аталған ел басшыларымен телефон әңгіме кезінде айтты. Ресейдің Украинаға басқыншылығы жалғасып жатқан тұста Байден Хельсинки мен Стокгольмнің НАТО-ға қосылу өтінішін қолдады.

Ақ үй таратқан мәлімдемеге сәйкес, Байден сонымен бірге "Украинаны бірігіп қолдаудан айнымайтындығын" да растаған. Кейін Ақ үй мен Пентагон Түркияның Финляндия және Швецияның НАТО-ға мүшелігіне қатысты ықтимал қарсылығын Анкарадан түсіндіруді сұрағаны белгілі болды.

Одаққа мүше елдердің басым бөлігі Швеция мен Финляндияның өтінішін қолдаған, бірақ Түркия басшысы Режеп Тайып Ердоған 13 мамырда Анкара олардың мүшелігіне "оң пікір білдірмейді" деп құптамағандай кейіп танытқан.

Түркия Швеция мен өзге де Батыс Еуропа елдерін өзі "террористік ұйым" деп таныған топтармен байланыс орнатқаны үшін талай сынаған. Ердоған Стамбулда жұма күнгі намаздан кейін Скандинавия елдерін "террористік ұйымдарға есігін айқара ашқан қонақ үйге" теңеген. Түркия президенті 1952 жылы Анкара Грекияның НАТО-ға қосылуын мақұлдаған кезде "қателік жібергенін" және сол қателігін қайталығысы келмейтінін айтқан.

НАТО-ға жаңа мүше қосу үшін одаққа мүше 30 елдің барлығы үміткерлердің өтінішін мақұлдауы тиіс.

Финляндия және Швеция НАТО-ға қосылуға өтінішті осы демалыс күндері беретінін айтқан. Олар Мәскеудің қоқан-лоқысына байланысты өтініш беруді жеделдеткен.

XS
SM
MD
LG