Forbes журналы Ресейдегі қағаз нұсқасын тоқтатын болды. Бұл жөнінде басылым директоры Дмитрий Озман хабарлағанын The Insider жазды.
Озман сөзінше, Ресей нарығынан шетелдік жарнама берушілер кетіп қалғандықтан осындай шешім қабылданған.
"Forbes журналының қағаз нұсқасына қарасаңыз, онда жарнаманың негізгі бөлігін BMW, Mercedes, Bentlеy секілді автомобиль брендтері және нарықтың люкс сегментінің тауарлары алып тұрғанын көресіз. Санкция салдарынан олардың бәрі Ресейден кетіп қалды. Оның үстіне қағаз бен типографиялық қызмет шығындары да көбейіп кетті" дейді Озман.
Журналды баспаға дайындайтын қызметкерлер басылымнан кетуі мүмкін, редакция мүшелері жұмыс орындарында қалады. Коммерциялық бөлім дербес бизнес-юниттер бөледі.
Озман сөзінше, бұл шешім Forbes журналының Нью-Йорктегі бас укеңсесінің талаптарына немесе лицензияға байланысты емес.
Американың іскерлерге арналған Forbes журналының негізін 1917 жылы Берти Чарльз Форбс қалаған. Басылым бизнес, инвестиция, технологияға арналған. Forbes жыл сайынғы түрлі саладағы рейтингтерімен де белгілі.
ПІКІРЛЕР