Accessibility links

Душанбеде Озоди радиосы мен "Настоящее Время" тілшілеріне шабуыл жасалды


Муллораджаб Юсуфзода (сол жақта) және Анушервон Арипов оқиғаны баяндап жатыр. Душанбе 17 мамыр 2022 жыл.
Муллораджаб Юсуфзода (сол жақта) және Анушервон Арипов оқиғаны баяндап жатыр. Душанбе 17 мамыр 2022 жыл.

Тәжікстан астанасында белгісіз біреулер Озоди радиосы мен "Настоящее Время" телеарнасының тілшілеріне шабуылдап, олардың жұмыс техникасын, ұялы телефондарын тартып алды.

Оқиға 17 тамызда болған. Мұның алдында ғана тілшілер Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы азаматтық белсенді Ульфатхоним Мамадшоевамен сөйлескен. Қарапайым киінген адамдар Анушервон Ариповті, Насим Исамовты, Муллораджаб Юсуфзода мен Барот Юсуфиді автокөліктен күшпен алып шыққан. Олар тілшілердің жұмыс техникасын, ұялы телефондарын тартып алған.

Тәжікстан ішкі істер министрлігі 17 мамырда Ульфатхоним Мамадшоеваның үстінен "заңсыз митинг ұйымдастырды" деген айыппен іс қозғады.

Белгісіз адамдар Муллораджаб Юсуфзоданың басынан, кеудесінен бірнеше мәрте ұрған. Кім екендеріңді айтыңдар деген өтінішке олар жауап бермеген.

"Бүгін түскі сағат екіде Ульфатхонум Мамадшоевамен оның Душанбедегі үйінің маңында сөйлестік. Ол үйіне кеткенде біз автокөлікке қарай беттедік. Бізге қарапайым киінген екі адам шабуылдады. Олар мені, операторды ұрды, жұмыс техникасын, ұялы телефондарды тартып алды. Біреуі "Муллораджаб, Құдай біледі, сені атып тастаймын" деп қорқытты", - дейді Муллораджаб Юсуфзода.

Анушервон Ариповтың айтуынша, "Настоящее Время" телеарнасының түсіру тобына да дәл осындай шабуыл жасалған.

  • Осыған дейін "Азия-Плюс" агенттігі Таулы Бадахшан автономиялы облысындағы оқиғадан ақпарат таратқаны үшін биліктен қысым көріп жатқанын хабарлаған. Журналистер агенттікті жабу қаупі төнгендіктен аталған облысқа барудан бас тартқан. Халықаралық "Шекарасыз тілшілер" үкіметтік емес ұйымының баспасөз еркіндігі рейтингісінде Тәжікстан әлемнің 180 елінің ішінде 152-орында тұр. Орталық Азияда Түркіменстанда (177-орын) ғана жағдай одан нашар.
  • Негізінен памирлықтар және қырғыздар тұратын Таулы Бадахшан облысында наразылық акциясы 14 мамырда басталған. Тұрғындар облыс пен облыс орталығы Хорог қаласының басшыларын отставкаға жіберуді, барлық блокбекеттерді алып тастауды, тұрғындарды қуғындауды доғаруды талап еткен. Билік мұны орындаудан бас тартқаннан кейін 16 мамырда күштік құрылымдар жиналғандарды жас ағызатын газ және резеңке оқпен атқан. Наразылық кезінде бір адам қаза болды, үш адам жараланды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG