Accessibility links

Журналист Тихонов өзін 2019 жылы "тілшілерге шабуыл ісі" бойынша полицияға шақырғанын айтты


Адам құқықтары жөніндегі бюро кеңсесінде журналистерге шабуыл жасаған белгісіз әйелдер. Алматы, 22 шілде 2019 жыл.
Адам құқықтары жөніндегі бюро кеңсесінде журналистерге шабуыл жасаған белгісіз әйелдер. Алматы, 22 шілде 2019 жыл.

Қазақстандық журналист, Адам құқықтары бюросының қызметкері Дмитрий Тихонов Фейсбук парақшасында WhatsApp арқылы полицияға шақырту алғанын жазды. Ол өзін 2019 жылы бюро ғимаратында тілшілер мен құқық қорғаушыларға жасалған шабуылға қатысты қылмыстық іске орай шақырған болуы мүмкін деп топшылайды.

– Бүгін [түске дейін] тергеуші Смайылхан ұялы телефоныма хабарласып, Әуезов аудандық полиция басқармасы жанындағы бөлімшеге шақырды. Шақырту қағазын сұрап едім, маған WhatsApp арқылы жіберді. Шақырту қағазында "жәбірленуші" мен "күдікті" бар. Бұл өзіміздің баспасөз орталығында болған тәртіпсіздікке қатысты сияқты. Нақтысын білмеймін. 21 мамырда таңертеңгі сағат 10-да барамын. Тергеуші хабарласқан кезде істің жай-жапсарын айтпады, – деді Дмитрий Тихонов Азаттық тілшісіне.

Ол сонымен бірге полицияның 2019 жылы шілдеде шабуылға ұшыраған әріптесінің телефонына да қоңырау шалғанын айтты.

Тихоновтың сөзіне қарағанда, 2019 жылы шілдеде болған оқиға "күдіктілерді анықтау мүмкін болмағандықтан" бірнеше рет тоқтатылған, бірақ әр кезде адвокат істің қайта қозғалуына қол жеткізген.

– Ең басында бір рет тергеуге шақырған, содан кейін ешқандай хабар болмады, – деді Тихонов.

Белгісіз біреулердің бюроға шабуылдағанын мәлімдеген Адам құқықтары бюросы қызметкерлері Дмитрий Тихонов пен Сергей Дувановтың адвокаты Инсара Масанова үш жылдан бері әр екі-үш сайын үздіксіз шағым жазып келе жатқанын, осы уақытқа дейін кемінде 20 шағым түсіргенін айтады.

"Яғни, "қылмыстық жауапқа тартатын адамдарды анықтау мүмкін болмағандықтан" іс тоқтатылып келеді. Әуезов аудандық полиция бөлімі тергеушілерінің әрекетсіздігіне шағымдандым. Бас прокуратура, ІІМ, Алматы полиция департаментіне жаздым. Содан кейін Әуезов аудандық прокуратурасы 17 мамырда істі қайта жандандырды. Кеше жауап алдым. Олар істі тоқтатады, сосын қайта шағым жазамын, одан кейін қайта жандандырады" деді Инсара Масанова.

2019 жылы 22 шілдеде, Азаттық тілшілері оқиғадан хабар тарату үшін Алматыдағы адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросында өтеді деп жоспарланған құқығы тапталғандар туралы баспасөз мәслихатына барған. Алайда ғимараттың төртінші қабатындағы кеңсеге кіреберісте бір топ әйел журналистерге тарпа бас салды. Бюро кеңсесіне басып кірген ашулы әйелдер "Түсірме!" деп айқайлап, тілші Нұргүл Тапаеваға қол жұмсады, оператор Тоқмолда Құсайыновты ұрып, кәсіби видеокамераны сындырды.

Қарай отырыңыз: Хроника. Тілшілерге шабуыл қалай жасалды? (Шілде айы, 2019 жыл).

Хроника. Тілшілерге шабуыл қалай жасалды?
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:42 0:00

Бұл оқиғадан Азаттық тілшілерінен бөлек, Адам құқығы мен заңдылықты сақтау бюросының қызметкерлері Дмитрий Тихонов, Сергей Дуванов пен Андрей Гришин, ҚазТАГ ақпарат агенттігінің тілшісі Далер Мурзагалиев пен оператор Еркебұлан Кенжеғұловтар да зардап шекті. Оқиға орнына полиция келіп, журналистер арыз жазды. Болған жайтқа байланысты Қылмыстық кодекстің "Өзiнше билiк ету" деген 389-бабы бойынша іс қозғалып, тергеу басталған.

Халықаралық ұйымдар шабуылды айыптады. ЕҚЫҰ-ның сөз бостандығы жөніндегі өкілі Арлем Дезир Қазақстан билігін шабуылды жан-жақты тергеуге үндеді. "Шекарасыз тілшілер" ұйымы Қазақстан билігін журналистерге шабуылдағандарды жауапқа тартуға шақырды.

XS
SM
MD
LG