Accessibility links

Шымкентте дәріханадағы жарылыстан опат болғандар үш адамға жетті


Жарылыс болған Шымкенттегі дәріхана маңы. 21 мамыр 2022 жыл.
Жарылыс болған Шымкенттегі дәріхана маңы. 21 мамыр 2022 жыл.

Шымкентте дәріханада болған жарылыстан опат болғандар үш адамға жетті деп хабарлады денсаулық сақтау министрлігінің баспасөз қызметі сенбі күні кешке қарай.

"Қайғылы оқиғадан 1979 жылғы Б. есімді күзетші, 1980 жылғы Ш. есімді жұмысшы және туғанына 18 күн болған бір нәресте опат болды. Одан бөлек, сегіз адам зардап шекті, олар қаланың медицина мекемелеріне жатқызылды" деп хабарлады министрлік.

21 мамырда түсте Шымкенттегі дәріханалардың бірінде жарылыс болып, ғимарат қираған. Бастапқыда бір адамның қаза болғаны айтылған. Кейін олардың саны үшке жетті.

Дәріхана маңында жеті ауданға қызмет ететін перзентхана орналасқан. Жарылыстың салдарынан перзентхананың есік-терезелері бүлінген. Ол маңнан адамдар қауіпсіз жаққа эвакуацияланған.

Әзірге толық емес мәлімет бойынша, жарылысқа газдың жиналуы себеп болған. Полиция "өрт қауіпсіздігін бұзу" бабы бойынша қылмыстық іс қозғады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG