Accessibility links

Тегеранда Ислам сақшылары корпусына қарасты арнаулы бөлім полковнигіне қастандық жасалды


Қастандық болған жер
Қастандық болған жер

Иранның Ислам революциясы сақшылары корпусының полковнигі 22 мамырда өз үйінің жанында өлтірілген. "Әл-Құдыс" арнаулы бөлімінің қызметкері Сайяд Ходаеиді екі мотоциклмен келген адамдар атып кеткен, — деп хабарлайды Азаттықтың Иран редакциясы Фарда радиосы.

Тегеранның шығысындағы қастандық кезінде Ходаеиге бес оқ тиген. Әзірге бұл оқиғаға жауапкершілікті мойнына алған ешкім жоқ. Ислам революциясының сақшылары корпусы оқиғаны "террор" деп атап, "әлемдегі өктемдікпен байланысы бар адамдарды" айыптады. Иран "әлемге өктемдік етеді "деп АҚШ пен оның одақтастарын меңзейтіні мәлім.

Ислам сақшылары корпусының мәліметтерінен хабары бар журналисттің "қастандық артында Израиль тұр" деп мәлімдегенін Фарда радиосы жариялады. Reuters агенттігі "Моссад" барлау қызметінің жұмысын бақылайтын Израиль премьер-министрінің кеңсесі қастандық туралы пікір білдіруден бас тартты деп хабарлайды.

Ислам революциясы сақшыларының корпусы Иранда елеулі саяси және экономикалық салмағы бар әскери ұйым. 2019 жылы АҚШ "терроризмді насихаттап, қаржыландырды" деп айыптап, оны террор ұйым қатарына қосқан. "Әл-Құдыс" - Ислам революциясы сақшылары корпусының өзге мемлекеттердегі арнаулы операциясына жауап беретін бөлімі.

2020 жылы АҚШ-тың Бағдаттағы арнайы операция барысында "Әл-Құдыстың" басшысы, генерал Қасым Сүлеймани өлтірілген еді. Вашингтон Ирактағы АҚШ әскерінің бөлімдеріне Тегеран шабуыл жасады деп күдіктенген.

Иран генерал Касем Сүлейманиді аза тұтып жатыр
please wait

No media source currently available

0:00 0:01:27 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG