Accessibility links

Ресейлік миллиардерлер өздеріне салынған санкцияға қарсы сотқа шағым түсірді


Ресейлік миллиардерлер Михаил Фридман (сол жақта) мен Петр Авен.
Ресейлік миллиардерлер Михаил Фридман (сол жақта) мен Петр Авен.

Ресейлік миллиардерлер Петр Авен мен Михаил Фридман Еуропа Одағы кеңесінің үстінен Еуропалық сотқа шағым түсірді. Михаил Фридман, Украинадағы соғыс басталғанда Еуроодақтың салған санкциясына алғаш іліккен ресейліктердің бірі. Көп ұзамай бұл тізімге Петр Авен де кірген.

Авеннің шағымы 23 мамырда, Фридманның шағымы 24 мамырда түскен. Өзге ақпарат жария етілмеген.

Санкция салынғаннан кейін Фридман мен Авен "Альфа-банктің" директорлар кеңесіндегі қызметінен кеткен. Наурыздың басында екеуі де санкцияға шығым түсіретінін айтқан-тын. Екі бизнесмен бірлескен мәлімдемесінде "бұл санкцияға сылтау болған ойдан шығарылған, негізсіз себептерге, қолдан келген жолмен қарсылық білдіретінін" айтқан.

Фридман Bloomberg агенттігіне берген сұхбатында санкцияның әділетсіз екеніне шағымданған. Ол өзінің банк картасының бұғатталып, бір айдағы шығыны 3300 доллардан аспайтындай етіп шектелгендіктен Лондондағы жайын жинау үшін ақша төлей алмай қалғанын айтқан.

Мамырдың басында Францияда санкция кесірінен Copab вилласы бұғатталған. "Схема" жобасының зерттеуінше, ол Фридман отбасына тиесілі.

16 мамырда Украина бас прокуроры Ирина Венедиктова, ресейлік олигарх Михаил Фридманның "Альфа-банктегі" 416 млн доллардан асатын активі бұғатталғанын мәлімдеген. Бұдан бөлек, өзге шоттардағы тағы 15,7 млн доллардан асатын қаржы бұғатталған.

Бұған дейін Еуропа сотына санкцияға ілінген Әлішер Усманов, Андрей Мельниченко мен Вадим Мошкович сынды бірнеше ресейлік бизнесмен де шағым түсірген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG