Accessibility links

Германияда Тәжікстан азаматтары террористік ұйымға мүше болды деген айыппен сотталды


Германияда Тәжікстанның бес азаматы "Ислам мемлекеті" террористік ұйымының мүшелері деген айыппен сотталды. Үкім 31 мамырда шықты.

Дюссельдорф соты бес тәжік азаматын үш жылдан тоғыз жарым жылға дейін мерзімге дейін соттады.

Сот мәліметінше, сотталушылар Стокгольмдағы (2017 жыл) жарылысты ұйымдастырушылармен және Венадағы (2020 жыл) төрт адамды өлтірген адаммен байланыста болған.

"26 жастағы Суннатулло К. Германия батысында исламды сынаушыны өлтірмек болды деген айыппен 9,5 жылға, 33 жастағы Фарходшох К. Албанияда тапсырыспен адам өлтірмек болды деген айыппен 8,5 жылға бас бостандығынан айырылды" деп жазылған сот мәліметінде.

Бұдан бөлек, 34 жастағы Мұхаммадали Г., 29 жастағы Азизжон Б. және 25 жастағы Комрон айыпты деп танылған.

Сонымен бірге олардың 2019 жылы Ауғанстандағы ИМ жетекшілерімен байланыста болғаны айтылады.

Тәжікстанның ресми мәліметі бойынша, 2013 жылы ИМ пайда болғаннан бері 2000 тәжік азаматы Сирия мен Иракқа аттанған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG