Accessibility links

Борис Джонсонға сенімсіздік вотумын жариялауға депутаттардың дауысы жетпеді


Борис Джонсон

Ұлыбританияның қауымдастар палатасына сайланған консерваторлар партиясының мүшелері Борис Джонсонның партия жетекшісі ретінде жұмысын жалғастырғанын қолдады. Джонсон мұнан былай да премьер-министр болып қала береді.

Партия өкілдерінің 211-і Джонсонды қолдап, 148-і қарсы дауыс берген. Қызметінде әрі қарай да қалу үшін Джонсонға кемі 180 дауыс керек еді. Партия ережесі бойынша, енді бір жылға дейін қайтадан мұндай процедура өткізуге болмайды.

Британия журналистері бұрынғы премьер-министр Тереза Мэй 2018 жылы осыған ұқсас жағдайда Джонсоннан көп дауыс алғанын айтады. Сенімсіздік вотумын жариялау мәселесі дауысқа салынып, одан жеңіп шыққанымен Терезы Мэй бірнеше айдан кейін отставкаға кеткен.

Маусымның 6-сына Ұлыбритания қауымдастар палатасындағы консерваторлар партиясының 50-ден астам депутаты премьер-министр Борис Джонсонға сенімсіздік білдіруге шақырып, дауыс беруге қажетті 54 депутаттың қолы жиналған еді.

Олар Джонсонды "коронавирус індеті кезінде жауапсыздық көрсетті, қатаң локдаунға қарамастан премьер-министр резиденциясында көптеген адам қатысқан көңілді кеш өткізді" деп айыптаған.

Ұлыбритания үкіметінің хатшысы Сью Грейдің Лондон полициясымен бірге әзірлеген 54 беттік баяндамасында премьер-министрдің 2020 және 2021 жылдары Даунинг-стрит резиденциясында көңіл көтеретін 16 кеш өткізгені көрсетілген. Оған қатысқан 83 адамға, арасында парламент мүшелері де бар, лодаун тәртібін бұзғаны үшін айыппұл салынған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG