Accessibility links

СССР-ді тарату туралы Беловеж келісіміне қол қойғандардың бірі – Геннадий Бурбулис қайтыс болды


Геннадий Бурбулис
Геннадий Бурбулис

Ресейдің бұрынғы мемлекеттік хатшысы Геннадий Бурбулис 77 жасында Бакуде қайтыс болды. 1990 жылдардың басында ол Ресей президенті Борис Ельциннің жақын серігіне айналды, СССР-ді тарату туралы Беловеж келісімін дайындауға қатысты.

1989 жылы СССР халық депутаты болып сайланған Бурбулис 1990 жылы сәуірде компартиядан шығып, Ресей демократиялық партиясын құрған, Ельциннің сайлау штабын басқарған.

Президент сайлауында жеңген Ельцин мемлекеттік хатшы лауазымын құрып, оған Бурбулисті тағайындаған. Бурбулис кейін үкімет құрамына кіріп, біртіндеп Ресей билігіндегі Ельцинге жақын ықпалды адамдардың бірі болды.

Геннадий Бурбулис - Ресейдің 2014 жылы ақпанда Украина жері – Қырымды аннексиялағанын айыптаған саясаткер.

СССР-ді тарату және Тәуелсіз мемлекеттер достастығын құру туралы 1991 жылы 8 желтоқсандағы Беловеж келісіміне алты адам: Ресей атынан – президент Борис Ельцин мен мемлекеттік хатшы Геннадий Бурбулис, Беларусь атынан – Жоғарғы кеңес төрағасы Станислав Шушкевич пен үкімет төрағасы Вячеслав Кебич, Украина атынан - президент Леонид Кравчук пен Украинаның сол кездегі премьер-министрі Витольд Фокин қол қойған. Қазір Витольд Фокин ғана тірі.

Беловеж келісіміне Қазақстанның сол кездегі президенті Нұрсұлтан Назарбаев та шақыртылған, алайда ол түрлі себептермен қатыспаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG