Accessibility links

Конституцияны өзгерту кезегі Мирзияевке жетті. Өзбекстан да референдум өткізуге кірісті


Шавкат Мирзияев
Шавкат Мирзияев

Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев конституцияға өзгеріс енгізуді және оны бүкілхалықтық референдум арқылы жасауды ұсынды.

"Халықтың ой-пікірі мен қолдауы арқылы конституциялық реформа жасасақ, онда нағыз халықтық конституция болады", — деп мәлімдеді Мирзияев елдің Негізгі заңына өзгерістер енгізу жөніндегі ұсыныстар бойынша конституциялық комиссия мүшелерімен кездесу кезінде.

Оның сөзін Мирзияевтің баспасөз хатшысы Шерзод Асадов telegram-арнасында жариялаған.

Мирзиявтің сөзінше, конституцияға өзгеріс енгізу мәселесі "қазіргі қауіпті де күрделі жағдайға байланысты" туған, бірақ ол нені меңзегенін ашық айтпаған.

Әлеуметтік желілер мен халықаралық БАҚ-тарда "Шавкат Мирзияев конституцияға өзгеріс енгізген соң, бұрынғы және қазіргі президенттік мерзімдерін есептемей, үшінші мерзімге сайлануы мүмкін" деген болжамдар жиі айтыла бастаған, алайда ол жөнінде Мирзияевтің өзі түсініктеме берген жоқ.

Бұған дейін Өзбекстан парламентінің жоғарғы палатасы - Олий Мажлис төрағасының орынбасары — Садық Сафаев "конституцияға енетін өзгерістер Мирзияевтің үшінші рет президент сайлауына қатысуына мүмкіндік береді" деген болатын.

Өзбекстан конституциясы 1992 жылы 8 желтоқсанда қабылданған. Одан беріде 15 рет өзгерген.

.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG