Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Қарақалпақстандағы жаппай наразылық. 1 шілде 2022 жыл.
Өзбекстан парламенті (Олий Мажлис) 4 шілдеде ел Конституциясындағы Қарақалпақстан республикасына қатысты баптар өзгеріссіз қалады деп шешім қабылдады.
Осылайша Өзбекстан парламентінің төменгі палатасы 2 шілдеде ел президенті Шавкат Мирзияевтің айтқанын ресми түрде мақұлдады.
Ресми Ташкент Конституцияға өзгеріс енгізіп, Қарақалпақстан республикасын "егемен" статусынан және Өзбекстаннан бөліну құқығынан айырмақ болған еді. Кейін Қарақалпақстанда жұрт бұл өзгеріске қарсы жаппай наразылыққа шығып, қарулы күштер жұртқа қарсы күш қолданды.
Күшейген күзет, өртенген көлік. Наразылық болған Нөкістен фотолар
1/7Нөкіс орталығында өртенген көлік.
Өзбекстан бас прокуратурасы Қарақалпақстан астанасы Нөкісте 1-2 шілдеде болған наразылықтан 18 адам қаза тауып, 243 адам жараланды дейді. Ресми дерек бойынша, зардап шеккендердің ішінен 94 адам ауруханада жатыр, ауыр жараланғандар да бар. 149 адам алғашқы көмек алып, үйлеріне жіберілген. 516 адам ұсталған.
Қарақалпақстан астанасы Нөкісте 1-2 шілдеде жаппай наразылық тұтанып, жұрт Қарақалпақстанды "егемен" статусынан және Өзбекстан құрамынан шығу құқығынан айыруға қарсы шықты. Жаппай қарсылықтан соң Өзбекстан өзгерістен бас тартты. 4 шілдеде Өзбекстан аймақта жағдай "тұрақталып келе жатқанын" мәлімдеді. Алғашқы алты фото 3 шілдеде түсірілген.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
2/7Нөкістегі әскери техника.
Өзбекстан Қарақалпақстан аумағында 2 тамызға дейін төтенше жағдай және кешкі тоғыздан таңғы жетіге дейін комендант сағатын енгізді.
Қарақалпақстан астанасы Нөкісте 1-2 шілдеде жаппай наразылық тұтанып, жұрт Қарақалпақстанды "егемен" статусынан және Өзбекстан құрамынан шығу құқығынан айыруға қарсы шықты. Жаппай қарсылықтан соң Өзбекстан өзгерістен бас тартты. 4 шілдеде Өзбекстан аймақта жағдай "тұрақталып келе жатқанын" мәлімдеді. Алғашқы алты фото 3 шілдеде түсірілген.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
3/7Қазір Нөкіста күзет күшейген.
1 шілдеде Қарақалпақстанда жұрт Өзбекстан Конституциясындағы өзгерістерге қарсы жаппай наразылыққа шықты. Ташкент Конституцияны өзгертіп, Қарақалпақстанды "егемен" статусынан және Өзбекстаннан бөліну құқығынан айырмақ болған.
Қарақалпақстан астанасы Нөкісте 1-2 шілдеде жаппай наразылық тұтанып, жұрт Қарақалпақстанды "егемен" статусынан және Өзбекстан құрамынан шығу құқығынан айыруға қарсы шықты. Жаппай қарсылықтан соң Өзбекстан өзгерістен бас тартты. 4 шілдеде Өзбекстан аймақта жағдай "тұрақталып келе жатқанын" мәлімдеді. Алғашқы алты фото 3 шілдеде түсірілген.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
4/72 шілдеде Өзбекстан президенті Шавкат Мирзияев Нөкіске барып, Конституциядағы Қарақалпақстанға қатысты баптар өзгермейтінін айтып, Қарақалпақстанда төтенше жағдай жариялады. Аймаққа Ұлттық гвардия күштері енгізіліп, ұялы телефон мен интернет жұмысы нашарлады. 3 шілдеде Мирзияев Қарақалпақстандағы наразылық кезінде адам шығыны болғанын мойындады.
Қарақалпақстан астанасы Нөкісте 1-2 шілдеде жаппай наразылық тұтанып, жұрт Қарақалпақстанды "егемен" статусынан және Өзбекстан құрамынан шығу құқығынан айыруға қарсы шықты. Жаппай қарсылықтан соң Өзбекстан өзгерістен бас тартты. 4 шілдеде Өзбекстан аймақта жағдай "тұрақталып келе жатқанын" мәлімдеді. Алғашқы алты фото 3 шілдеде түсірілген.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
5/7Нөкістегі күзет.
Ұлттық гвардия 4 шілдеде "Қарақалпақстанға президент келіп кеткен соң аймақта жағдай тұрақталғанын, тіршілік қалыпқа түсіп келе жатыр. Дүкен, базар, банк, әлеуметтік мекемелер, ауруханалар жұмыс істеп жатыр" деп мәлімдеді.
Қарақалпақстан астанасы Нөкісте 1-2 шілдеде жаппай наразылық тұтанып, жұрт Қарақалпақстанды "егемен" статусынан және Өзбекстан құрамынан шығу құқығынан айыруға қарсы шықты. Жаппай қарсылықтан соң Өзбекстан өзгерістен бас тартты. 4 шілдеде Өзбекстан аймақта жағдай "тұрақталып келе жатқанын" мәлімдеді. Алғашқы алты фото 3 шілдеде түсірілген.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
6/7Нөкістегі әскерилер.
Қарақалпақстан - Өзбекстан аумағының 40 пайызын алып жатқан республика. Мұнда екі миллионға жуық адам тұрады, олардың арасында қарақалпақтар, өзбектер және қазақтар бар. Қарақалпақстан республикасы 1925 жылы құрылып, 1930 жылға дейін Қазақ CCР құрамында болады. 1936 жылы Өзбек ССР құрамына қосылған.

7/7Қарақалпақстан жұрты наразылыққа шыққан сәт. 1 шілде 2022 жыл.
1990 жылы 14 желтоқсанда Өзбек ССР құрамындағы Қарақалпақ автономды республикасының парламенті толық тәуелсіздік алу жөнінде декларация қабылдаған. Алайда 1993 жылы Өзбекстан мен Қарақалпақстан келісімге қол қойып, Қарақалпақстан 20 жыл Өзбекстан құрамында болады деп келіскен.
Келісімде Қарақалпақстан Өзбекстан құрамынан референдум арқылы шығу құқығы қарастырылған еді. 2013 жылы бұл келісімнің уақыты біткен, ал уәде қағаз күйінде қалды.
Қарақалпақстан астанасы Нөкісте 1-2 шілдеде жаппай наразылық тұтанып, жұрт Қарақалпақстанды "егемен" статусынан және Өзбекстан құрамынан шығу құқығынан айыруға қарсы шықты. Жаппай қарсылықтан соң Өзбекстан өзгерістен бас тартты. 4 шілдеде Өзбекстан аймақта жағдай "тұрақталып келе жатқанын" мәлімдеді. Алғашқы алты фото 3 шілдеде түсірілген.
Сайт бұғатталып тұрса да, материалды осы сілтемемен кіріп оқуға болады
Previous slide
Next slide
Өзбекстан президенті Мирзияев 2 шілдеде Қарақалпақстан астанасы Нүкіске барып, Конституциядағы Қарақалпақстанға қатысты баптар өзгермейтінін мәлімдеді. Бұған қоса, Мирзияев Қарақалпақстандағы наразылық кезінде тұрғындар мен күштік құрылымдар арасында қаза тапқандар барын мойындап, бірақ қанша адам қаза болғанын айтпады.
Өзбекстан президенті Қарақалпақстанда 2 тамызға дейін төтенше жағдай және комендант сағатын (21.00 – 07.00) енгізді. Өзбекстан ұлттық гвардиясы Қарақалпақстан жұрты мен қонақтарды "бет алды" көшеге шықпауға шақырды.
Ұлттық гвардияның баспасөз хатшысы Даврон Жуманазаров "Қарақалпақстанға президент келіп кеткен соң аймақта жағдай тұрақталғанын, тіршілік қалыпқа түсіп келе жатқанын" айтты.
4 шілдеде Ақорда Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев пен Мирзияевтің телефон арқылы сөйлесіп, Тоқаев "Өзбекстан басшылығының Қарақалпақстандағы тұрақтылықты қамтамасыз ету үшін уақтылы шешім қабылдағанын атап өткен".
Қарақалпақстан - Өзбекстан аумағының 40 пайызын алып жатқан республика. Мұнда екі миллионға жуық адам тұрады, олардың арасында қарақалпақтар, өзбектер және қазақтар бар. Қарақалпақстан республикасы 1925 жылы құрылып, 1930 жылға дейін Қазақ CCР құрамында болады. 1936 жылы Өзбек ССР құрамына қосылған.
1990 жылы 14 желтоқсанда Өзбек ССР құрамындағы Қарақалпақ автономды республикасының парламенті толық тәуелсіздік алу жөнінде декларация қабылдаған. Алайда 1993 жылы Өзбекстан мен Қарақалпақстан келісімге қол қойып, Қарақалпақстан 20 жыл Өзбекстан құрамында болады деп келіскен.
Келісімде Қарақалпақстан Өзбекстан құрамынан референдум арқылы шығу құқығы қарастырылған еді. 2013 жылы бұл келісімнің уақыты біткен, ал уәде қағаз күйінде қалды. Қазір Қарақалпақстанның тәуелсіздігі жайлы айтып жүрген "Алға, Қарқалпақстан" қозғалысының мүшелері Өзбекстандағы қысымнан соң шетелге кеткен.