Accessibility links

Шымкентте Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған үш белсендінің соты басталды


Шымкентте Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған үш белсенді. Солдан оңға қарай: Қайрат Сұлтанбек, Жанмұрат Аштаев және Ләзат Досмамбетова. Олар қаңтардың басынан бері тергеу изоляторында отыр. Шымкент, 13 шілде 2022 жыл.
Шымкентте Қаңтар оқиғасына байланысты айыпталған үш белсенді. Солдан оңға қарай: Қайрат Сұлтанбек, Жанмұрат Аштаев және Ләзат Досмамбетова. Олар қаңтардың басынан бері тергеу изоляторында отыр. Шымкент, 13 шілде 2022 жыл.

13 шілде күні Шымкенттің Әл-Фараби аудандық соты Қаңтар оқиғасына байланысты "Жаппай тәртіпсіздік" бабымен айыпталған белсенділер Жанмұрат Аштаев, Қайрат Сұлтанбек және Ләззат Досмамбетованың ісін қарай бастады.

Үш белсендінің сотына елу шақты туысы мен жақтасы жиналды. Олардың жиырма шақтысы сот залына кірді. Қалғаны сот залына сыймай, сыртта қалды. Істі судья Еркебұлан Төлешов қарап жатыр.

Әуелі прокурор Құндыз Қаратаева айыптау актісін оқыды. Онда Сұлтанбек пен Досмамбетованың "5 қаңтарға қараған түні қала әкімдігі маңына барып жаппай тәртіпсіздікке қатысқаны, оған жұртты шақырғаны, “Шал, кет!” “Парламенттік республика құрамыз” деп айқайлағаны, халықты арандатқаны" айтылған. Прокурордың айтуынша, Аштаев та "жаппай тәртіпсіздікке қатысқан, оған шақырған".

Сот кезінде Қайрат Сұлтанбек пен Жанмұрат Аштаев тағылған айыпты мойындамайтынын айтты, ал Досмамбетова жауап беруден бас тартты.

Сәрсенбі күні сот тергеуі басталмастан бұрын Қайрат Сұлтанбек осыдан он күн бұрын туылған қызын алғаш кет көрді. 12 шілдеде Аштаевтың әкесі қайтыс болған. Жиналғандар сот залында марқұмға құран бағыштады.

Үш белсендінің бірі Қайрат Сұлтанбек он күн бұрын дүниеге келген кішкентай қызын алғаш рет сот залында көрді. Ол қаңтардың басынан бері тергеу изоляторында отыр. Шымкент, 13 шілде 2022 жыл.
Үш белсендінің бірі Қайрат Сұлтанбек он күн бұрын дүниеге келген кішкентай қызын алғаш рет сот залында көрді. Ол қаңтардың басынан бері тергеу изоляторында отыр. Шымкент, 13 шілде 2022 жыл.

48 жастағы Қайрат Сұлтанбек 7 қаңтар күні, 51 жастағы Ләззат Досмамбетова мен 44 жастағы Жанмұрат Аштаев 8 қаңтарда ұсталып, қамауға алынған. Содан бері Шымкент қаласы Сәуле ықшам ауданындағы ИЧ 167/11 тергеу изоляторында қамауда жатыр. Жақтастары істің саяси астары бар деп санайды. Бұған дейін белсенділердің істеріне құқық қорғаушылар алаңдаушылық білдірген.

Қаңтар оқиғасына дейін де елдегі қоғамдық-саяси мәселелерге пікірін ашық айтып жүрген үш белсенді былтыр әр уақытта "тыйым салынған ұйымның ісіне араласты" деген айыппен сотталып, әрқайсысының бостандығы әртүрлі мерзімге шектелген болатын. Сол кезде қазақстандық құқық қорғаушылар оларды "саяси тұтқындар" қатарына қосқан.

Шымкентте Қаңтар оқиғасы 4-6 қаңтар күні болды. Бейбіт басталған наразылықтың соңы жаппай тәртіпсіздікке ұласты. Ресми мәлімет бойынша, оқиға кезінде 20 азамат мерт болып, 200-ден астам адам жараланған.

Оқиғаға байланысты 86 адамға қылмыстық іс қозғалды. Олардың жетеуі - белсенділер. Белсенділердің екеуі - көп балалы әйел. Бұған дейін сот екі белсендінің ісін қарап, үкім шығарды. Сот Ерғали Құлбаевтың бас бостандығын 4 шылға шектеді, Молдабай Сәдібековке үш жыл түрме жазасын берген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG