Accessibility links

"Шеруге шықпаңдар, шекеңнен атады". Жастар Қаңтар қырғыны мен Украинадағы соғысты сахналады


Täuel[dı]sız жастар жобасына қатысқандар қойылымнан кейін. Нұр-Сұлтан, 15 шілде 2022 жыл.
Täuel[dı]sız жастар жобасына қатысқандар қойылымнан кейін. Нұр-Сұлтан, 15 шілде 2022 жыл.

“Täuel[dı]sız” деп аталатын жастар жобасы интеллектуалды поэзияға негізделген “Хикая” атты әдеби өнер кешін жұма күні кешке Нұр-Сұлтандағы “Жастар сарайында” қойды.

Оған көп көрермен жиналмаса да, залдағылардың қолдау білдіріп айқайлағанынан қойылымның көңілден шыққанын аңғаруға болады. Кеште жас ақындар Тұрсынбек Башар, Ислам Қабылұлы, Мақпал Жұмабай, Қуаныш Өмірбек, Әсел Кәрібай, Баянғали Әлімжанов, Жұлдыз Молдағалиева, Файзулла Төлтай, Әсел Құлмановалардың экология, жер, Қаңтар қырғыны, Ресейдің Украинаға басқыншылығы тәрізді тақырыптардағы туындыларын кәсіби емес жастар сахналап көрсетті.

Жобаға қатысқандардың басым бөлігі – Нұр-Сұлтандағы түрлі жоғары оқу орындары студенттері. Арасында мектеп оқушылары да бар. Жобаның продюсері әрі жетекшісі Руслан Жұбаныштың айтуынша, бұл жолғы қойылымның басты идеясы адамдардың түрлі хикаялар арасында өмір сүріп жатқанын жаңа интеллектуалды поэзия арқылы көрсету.

– Қазақ поэзиясында жахан мен әлемді, қоғамды қозғайтын интеллектуалдык поэзия бар екенін көрсету. Қалыптасқан Мұқағали, Фаризалар үрдісіне ауысып жаңа ақындардың қолтаңбаларын таныту. Жасанды ақыл мен адамның байланысы қайда апарады, адамның қуаты бар ма, таусыла ма деген сауалдарға жауап іздедік,- дейді Руслан Жұбаныш.

Әсіресе Файзулла Төлтайдың Қаңтар оқиғасындағы абақтыдағы азаптауларды бейнелейтін “Көкпеңбек қабырғалар” деген туындысын залдағылар қызу қабылдады

“Аналар жатыңдар, тумаңдар сәбиді,

Шеруге шықпаңдар, шекеңнен атады” деген тұста залдан “браво” деп айқайлағандар көп болды.

Видео: "Желтоқсан келген сайын жасарам". "Täuel[dı]sız" жастардың "Хикаясы" (15 шілде 2022 жыл).

"Желтоқсан келген сайын жасарам". "Täuel[dı]sız" жастардың "Хикаясы"
please wait

No media source currently available

0:00 0:05:34 0:00

Жоба былтыр президент Қасым- Жомарт Тоқаев Қазақстан тәуелсіздігінің 30 жылдығына орай тағайындаған “Тәуелсіздік ұрпақтары” гранты негізінде жүзеге асып жатыр. Бұл жобаның төртінші концерті. Бұған дейін былтыр Нұр-Сұлтан мен Алматыда бірнеше қойылым қойған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG