Accessibility links

Апелляциялық сот Ресейді сынаған белсенділер Намазбаев пен Боранбаевты түрмеде қалдырды


Белсенді Данат Намазбаев.
Белсенді Данат Намазбаев.

Алматыдағы апелляциялық сот Ресейді сынаған екі белсенді Данат Намазбаев пен Марғұлан Боранбаевты қамауда қалдырды. Бұл туралы белсенділердің адвокаттары Айман Омарова мен Бауыржан Азанов әлеуметтік желідегі парақтарында хабарлады.

– Мысалы, біз экспертті сотқа куәгер ретінде шақыруды ұсынды, бірақ сот оны ескермеді. Әрине, Алматы қалалық соты мен Алматы аудандық сотының шешіміне шағым түсіреміз. Жоғарғы сотқа кассациялық шағым түсіреміз, - деді Азанов Азаттыққа.

18 шілдеде өткен аппеляциялық сотта судья Алмалы ауданы сотының 14 наурыздағы үкімін өзгертіп, Боранбаевтың бес жылдық түрме жазасына тағы екі ай қосып берді. Ал Намазбаевтың бес жыл түрме жазасын өзгеріссіз қалдырды.

14 наурызда Алматы қаласы Алмалы ауданы соты Намазбаев пен Боранбаевты 2018 жылдан бастап әлеуметтік желіде ұлтаралық және әлеуметтік араздық қоздыратын, орыс ұлты өкілдерінің ұлттық ар-намысына тиетін жазбалар жариялаған" үшін бес жылға соттаған еді.

Сот екі азаматты да "билікті басып алуға немесе күшпен алуға шақыру" бабы бойынша айыпты деп тапқан, ал Боранбаевқа "ұлтаралық араздығын қоздыру" бабын да қосқан. Аудандық сот Боранбаевқа үш жылға интернетті пайдаланып қоғамдық жұмыстарға араласуға тыйым салған. Ал Намазбаевқа "Милосердия" қорына 200 мың теңге төлеуге міндеттеген еді. Бұл қорды Қазақстандағы балалар құқығы жөніндегі уәкіл Аружан Саин басқарады.

Бұл істе Татьяна Семенова, Юрий Юрин, Әлжан Смағұлов және Аружан Саин жәбірленуші деп танылған. Тағы бір жәбірленуші "құпия" деп көрсетілген.

Екі белсенді желіде ресейлік шенеуніктердің Қазақстан жайлы айтқан сындарына қарсы пікір білдіріп, Қазақстанның Ресеймен интеграциясына қарсы шыққан және Ресейдің Украинаға басқыншылығын сынаған еді.

Сотталушылар әлеуметтік желіде жазбаларды жазғанын мойындаған, бірақ өздеріне тағылған айыппен келіспейтінін мәлімдеген. Сот үкімі әлі күшіне енген жоқ.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG