Accessibility links

Тәжікстан: Батыстың Ресейге қарсы санкциялары елге кері әсерін тигізіп жатыр


Тәжікстанның өндіріс және жаңа технологиялар министрі Шерали Кабир.
Тәжікстанның өндіріс және жаңа технологиялар министрі Шерали Кабир.

Тәжікстан билігі Батыстың Ресейге қарсы санкциялары ел экономикасына кері әсерін тигізіп жатыр деп мәлімдеді.

Тәжікстанның өндіріс және жаңа технологиялар министрі Шерали Кабир баспасөз мәслихатын өткізіп, елдің жаңа нарыққа шығу жолын қарастырып жатқанын жеткізді.

"Бүгінге дейін Тәжікстанның негізгі серіктесі Ресей болды. Қазір Батыс елдерінің салып жатқан санкциялары бізге де кері әсерін тигізіп жатыр. Әсіресе мұнай-газ саласына қатысты", - деді министр.

Министрдің сөзінше, санкция астық нарығына да әсерін тигізіп жатыр. Бірақ Қазақстанның арқасында бидай, ұн нарығында тұрақтылып сақталып тұр дейді. Ол әзірге Қазақстаннан импортталып жатқан астық өнімдері елдегі ішкі сұранысты өтеп жатқанын жеткізді.

Шерали Кабир Ресейге салынған санкциялар Тәжікстанға жаңа әріптес іздеуге мүмкіндік беріп жатқанын да атап өтті. Мәселен, осыған дейін қантты тек Ресейден алатын. Енді соңғы бірнеше айдан бері Үндістан қантын импорттап жатыр.

Дегенмен соңғы бес айда Тәжікстан мен Ресей арасындағы сауда айналымы 50%-ке өскен.

АҚШ Орталық Азияны, оның ішінде Тәжікстанды Ресейдің санкция салынған тауарларын айналып өткізуі мүмкін елдер қатарына енгізген.

Сарапшылар Батыс санкциясына түсіп қалмау үшін, Ресей және Беларусь тауарларын қолданғанда, мұқият болуы қажет екенін ескертеді.

Қазір Өзбекстанның Promcomplektlogistic компаниясы АҚШ-тың "қара тізіміне" енді. Себебі, аталған компания Ресейдің "Радиоавтоматика" фирмасымен байланыста болған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG