Accessibility links

Amnesty International Украинаны да кінәлайтын баяндамасына кешірім сұрады


Харьков қаласының соғыста қираған мектебі. Архив фотосы.

Халықаралық Amnesty International үкіметтік емес ұйымы Украина әскерінің кейбір әрекеттері сыналған баяндамасына байланысты кешірім сұрады. "Ұйым баяндаманың ашу-ыза мен реніш туғызғанына өкінетінін мәлімдеді" деп хабарлайды Reuters.

Алайда бұған қарамастан Amnesty International баяндамадағы қорытындыларынан бас тартпайды. Баяндамада Украина мектеп, аурухана секілді азаматтық нысандарға әскер орналастырып, соғыс ережесін бұзып отыр деп көрсетілген.

Жексенбідегі мәлімдемесінде халықаралық ұйым Ресей әскерінің іс-әрекетін ақтамайтынын кезекті рет атап көрсеткен.

-[Бұл баяндама] Amnesty International Ресей әскерінің қылмыстарына Украина әскері жауап береді деп санайды дегенді білдірмейді", - дейді мәлімдемеде.

Халықаралық ұйымның баяндамасына Украина билігі мен қоғамы дереу реакция білдірген еді. Украина президенті Владимир Зеленский баяндаманы "арсыздық" деп бағаласа, Украина қарулы күштері Amnesty International аккредитациясын жойып тастаған. Ұйымның Украинадағы бөлімшесінің басшысы Оксана Покальчук отставкаға кететінін хабарлаған.

Сынаушылар баяндама Ресейдің белсенді пропагандасының әсерімен жазылған деп санайды. Ал соғыс қылмыстарына байланысьы Ресей әскері айыпталған есебі үшін AI сайты Ресейде бұғатталған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG