Accessibility links

Еуроодақ пен Ұлыбритания Ресейден көмір сатып алуды тоқтатты


10 тамыздан бастап Еуроодақта Ресейден көмір импорттауға тыйым салатын жарлық күшіне енді. Еуроодаққа мүше мемлекеттер мұндай шешімді сәуір айында қабылдаған. Бұл - Ресейдің Украинаға басып кіруіне қарсы салынған санкциялардың бірі.

10 тамызда Ұлыбритания да Ресей көмірінен бас тартты.

Еурокомиссияның мәліметінше, санкция салдарынан Ресей жылына 8 млрд доллар жоғалтады. Еуроодақ бұдан былай Солтүстік Америка, Колумбия, Оңтүстік Африка елдері мен Қазақстаннан көмір ала бастайды.

Еуроодақ көмір алуды тоқтатқаннан кейін, Ресей көмірін Үндістан мен Түркияға бастапқы бағасынан 50 пайыз жеңілдікпен экспорттай бастады.

Еуропа елдері Ресей мұнайынан да біртіндеп бас тартады.

АҚШ наурыз айынан бастап Ресейден мұнай, газ және көмір импорттауға тыйым салған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG