Accessibility links

CNN: Ресей мамандары Иранда дрон ұшыруды меңгеріп жатыр


Иран құрастырған Shahed-129 дроны.
Иран құрастырған Shahed-129 дроны.

Ресей мамандары Иранда құрастырылған дрондарды ұшыруды меңгеріп жатыр. АҚШ барлау қызметінің мәліметтерімен таныс ресми тұлғалардың біріне сүйенген CNN арнасы осындай ақпарат таратты.

"Иран дрондарын Ресейге тапсыру келісімі аясында Ресейдің ресми тұлғалары бірнеше апта бойы Иранда оқыды" деді CNN дереккөзі. Оның пайымдауынша, бұл Мәскеудің Ираннан ұшқышсыз аппараттарды сатып алуға әзірлігін айғақтайтын тағы бір жайт.

Шілде айында CNN арнасы жоғары дәлдіктегі зымырандар таситын Shahed-191 және Shahed -192 дрондарын көру мақсатында Ресей делегациясының Иранға сапарлағанын хабарлаған. Сол кезде АҚШ президентінің ұлттық қауіпсіздік жөніндегі кеңесшісі Джек Салливан Иран Ресейге Украинадағы соғыста пайдаланатын жүздеген дронын сатуға дайын деп мәлімдеген.

Әскери дрондар Украинадағы соғыста маңызды рөл атқарып жатыр. Украина әуе шабуылдарына түріктің "Байрактар" мен АҚШ дрондарын пайдаланып жатса, Ресей барлау мақсатында өзі шығарған "Орлан" дрондарын қолданады. АҚШ қақтығысты ушықтырып жібере ме деп әзірге Украинаға әлдеқайда қуатты "Gray Eagle" дронын беруден бас тартқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG