Accessibility links

Тәжікстанда тыйым салынған ислам партиясы БҰҰ-ға шағымданды


Тәжікстанда тыйым салынған "Исламның қайта жаңғыруы" партиясы БҰҰ-ға өтініш жасап, Ресейдің партияны террористік ұйымдар қатарына енгізуіне қарсылық танытуын сұрады.

11 тамызда партия басшысы Мухиддин Кабири БҰҰ-ның Бас хатшысы Антониу Гутерришке хат жазып, Ресейдің мұндай шешім қабылдауына қарсылық танытуын сұрады. Оның айтуынша, бұл шешім Тәжікстанда бейбітшілік және ұлттық келісімді орнатуға қайшы.

Ислам партиясының лидері егер Ресей ұйымды террористік деп таныса, ондағы жақтастары жаппай қудаланады деп қауіптенеді.

БҰҰ әзірге ислам партиясының үндеуіне жауап бермеді.

26 шілдеде Ресейдің бас прокуроры Игорь Краснов Душанбеде Тәжікстан президенті Эмомали Рахмонмен кездесу кезінде "Исламның қайта жаңғыруы" партиясының Ресейдегі бөлімшесін террористік ұйым деп тану мәселесін қарастырып жатқанын жеткізген.

Тәжікстанның өтінішіне қарамай, ТМД елдері, оның ішінде Ресей жеті жылдан бері "Тәжікстандағы Исламның қайта жаңғыруы" партиясына қатысты шешім қабылдаған емес.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG