Accessibility links

Тәжікстандағы парламент сайлауында діни партия бұрынғы келбетін өзгертуге тырысуда


Тәжікстан парламентіне сайлауға түсіп жатқан саяси партиялардың жарнамалары. Душанбе, 20 ақпан 2010 жыл.
Тәжікстан парламентіне сайлауға түсіп жатқан саяси партиялардың жарнамалары. Душанбе, 20 ақпан 2010 жыл.

Алдағы жексенбіде өтетін парламент сайлауына өзге елдерде жүрген тәжік азаматтарының дауыс беруі үшін шет елдердегі Тәжікстан өкілдіктерінде сайлау учаскелері жұмыс істемек. Сайлауға түскен кейбір партиялар өздерінің бұрынғы келбетін өзгертуге тырысып жатыр.


ЖЕҢІМПАЗЫ КҮНІБҰРЫН БЕЛГІЛІ САЙЛАУ

Тәжікстанда алдағы жексенбіде өтетін парламенттік сайлауда мәжілістегі 63 орын үшін 221 кандидат бақ сынасып, дауыс беруге ресми тіркеуден өткен сегіз партияның үміткерлері жарысқа түсетін болады. Бірақ биліктегі Халықтық демократиялық партиясы мәжілісте басым орынға ие болады деп күтіліп отыр.

Бұл тұрғыда Душанбе тұрғыны Азаттықтың тәжік қызметіне берген сұқбатында, «Тәжікстанда алда болатын сайлаулардың ашықтығы
Тәжікстанда алда болатын сайлаулардың ашықтығы сондай, қазірдің өзінде біз сайлау нәтижесін көре аламыз.
сондай, қазірдің өзінде біз сайлау нәтижесін көре аламыз» деді.

Десе де кейбір саясаткерлердің сайлау алдындағы белсенділігі артып отыр. Солардың бірі Орталық Азиядағы діни негіздегі жалғыз саяси партия – Тәжікстанның ислами жаңғыру партиясы өзінің мәртебесі мен келбетін өзгертуге күш салып жатыр.

Бұл партия осыған дейінгі парламенттегі екі орнын кемінде 10-ға дейін жеткізуді мақсат еткен. Бұл ислами жаңғыру партиясының жетекшісі Мухиддин Кабири:

«Әрине, біз сайлаулар әділ өтеді деп аңғалдық таныта алмаймыз, біз қандай жабық қоғамда өмір сүріп жатқанымызды білеміз. Біз Орталық Азияда ашық, әділ сайлаулар болады деп күтпейміз, дегенмен біз бәрібір бұл сайлау 2005 жылғы дауыс берулерден гөрі әділірек өтеді деп үміттенеміз», – деп айтты.

КОНСЕРВАТОРЛАРДЫҢ ЖАҢА КЕЛБЕТІ

1990 жылы діни консерваторлар мен молдалардан құрылған Ислами жаңғыру партиясы бүгінде өзінің беделі мен келбетін жаңаша
Ислами жаңғыру партиясының көсемі Мухиддин Кабири Тәжікстан парламентіне сайлау додасы кезінде ел президенті Эмомали Рахмонның суреті алдында сөйлеп тұр. Душанбе, 17 ақпан 2010 жыл.
деңгейге көтеру үшін қатарына зиялы қауым өкілдерін, бизнесмендер мен студенттерді тартып отыр.

Алдағы сайлауға түсетін кандидаттар 30-40 жас шамасындағы партия мүшелері әрі ол үміткерлердің ішінде заңгер, мұғалім, бизнесмен және бір спортшы да бар.

Партияны қайта құрылымдау жұмыстарында оның 45 жастағы жетекшісі Мухиддин Кабири үлкен рөл атқарып отыр. Ол партия жетекшілігіне 2006 жылы, бұл партияның негізін қалаған Саид Абдуллохи Нури қаза болғаннан кейін келген.

Кабири партияның өзіне дейін көшбасшысының ізімен жүргенімен, оның сыртқы имиджі Нуриден мүлде бөлек. Ресми жиындарға мұсылман дәстүрімен шығып, өзін жабық ұстаған Нуриге қарағанда, Кабири ақпарат өкілдеріне ашық, жігерлі жетекші ретінде танылды.

Сонымен қатар Мухиддин Кабири шетелге жиі шығып, орыс және ағылшын тілдерінде сөз сөйлеп, сұқбаттар беріп келеді.

ӘЙЕЛДЕР МЕН ЖАСТАР

Исламшыл партияның бүгінгі ұстанымдары да өзгеріп, оған әйелдер мен білімді тәжік жастары тартыла бастады. Ислами жаңғыру партиясының парламентке ұсынылған тізіміндегі төрт әйел
Гүлбар Саифова, Тәжікстандағы парламент сайлауына Ислами жаңғыру партиясынан түскен үміткер. Душанбе, 16 ақпан 2010 жыл.
кандидаттың бірі Зурафо Рахмони партияның мақсаты – қоғамдағы, атап айтқанда, саяси сахнадағы әйелдердің рөлін алға тарту деп біледі.

«Мен біздегі әйелдерге қазіргі беріліп отырған квотаға қарсымын. Квоталар әйелдердің саясатқа шынайы араласуын шектейді. Әйелдер ерлермен бірдей қаралуы керек. Сонда олар ерлермен тең әрі дені сау бәсекеге түсе алады. Егер біз әйелдерге осындай жағдай жасасақ, жүздеген әйел лайықты жетекші ретінде таныла алады», – дейді Зурафо Рахмони.

Ислами жаңғыру партиясының бұл өзгерістеріне қарамастан, көптеген сыншылар оның негізгі мақсаты елдің қазіргі зайырлы жүйесінің орнына ислами үкімет құру деп біледі.

Кабиридің өзі Тәжікстанда зайырлы жүйе болғанын қолдайтынын айтып, өзі басқаратын партияның мақсаты – ислам құндылықтары бар ашық қоғам құру деп мәлімдеген.

КАНДИДАТТЫҚ ЖАРНА

Кейбір тәжікстандық азаматтар бұл партияның қаржылық мүмкіндігіне күдік келтіріп, мұсылман шет елдерінен қаржылай қолдау алады деген пікір айтады, бірақ партия жетекшілігі оны жоққа шығарады.

Сондай-ақ, сайлау алдында Ислами жаңғыру партиясы өзіне қолдаушыларды сатып алып отыр деген айыптар да айтылды. Оған дәйек ретінде, сыни пікір айтушылар осы партияның бір мүшесі өзіне ақша төлеген соң бұл партияға мүше болғанын мойындағанын алға
Бір топ адам Душанбе көшесінде келе жатып тоқтап қалған троллейбусты итеріп барады. 16 ақпан 2010 жыл.
тартты.

Кейбір адамдар парламент депутаттығына кандидат болып тіркелу үшін 1500 доллар төлеу керек болса, Ислами жаңғыру партиясының тізіміндегі 39 үміткер қаржыны қайдан тауып отыр деген сауалдар қойды.

2005 жылғы сайлаудан кейін мөлшері екі есеге өскен тіркелу қаржысы сайлауға түскісі келген басқа саяси партиялар үшін айтарлықтай кедергі болып отыр.

Тәжікстанның Орталық сайлау комиссиясы ақпанның 28-күні өтетін парламенттік сайлауға әлемнің әр түкпірінде жүрген тәжіктердің қатысуына жол ашу үшін әр елдегі Тәжікстан елшіліктері мен консулдықтарында дауыс беру учаскелері жұмыс істейтін болады деп хабарлады.

Сонымен қоса дауыс беру жәшіктері жүз мыңдаған тәжік мигранттары жұмыс істеп жүрген Ресейдің ең үлкен сегіз қаласындағы Тәжікстан өкілдіктеріне қойылатыны айтылды.
XS
SM
MD
LG