Accessibility links

Кабулда тәліптер медресесінде болған жарылысты ДАИШ мойнына алды


Кабулда жарылыс болған маңды күзетіп тұрған тәліптер сақшысы. Сәуір айы, 2022 жыл.
Кабулда жарылыс болған маңды күзетіп тұрған тәліптер сақшысы. Сәуір айы, 2022 жыл.

11 тамызда кешке Кабул медресесінде болған жарылысты ДАИШ ("Ислам мемлекеті", Қазақстанда тыйым салынған) қозғалысы мойнына алды. Бұл жөнінде Aamaj News агенттігіне сүйенген Интерфакс агенттігі хабарлады. ДАИШ-пен байланысты Amaq сайтының жазуынша, шабуылды ДАИШ-қа қарасты Халид Логари тобының мүшесі жасаған.

Кабул полициясы баспасөз қызметінің бастығы Халид Задран жарылыстан "Талибан" қозғалысының өкілі Рахимолла Хаккани мен оның бауыры қаза болғанын хабарлады. Бұған қоса, үш студент зардап шеккен.

Задран жарылысты "жабайы әрекет" деп атап, тәліптер мұны жауапсыз қалдырмайды деп ескерткен.

Жиһад қозғалыстарын бақылаумен айналысатын америкалық үкіметтік емес SITE Intelligence Group тобының мәліметінше, Рахимолла Хаккани - "Талибан" қозғалысының көрнекті тұлғаларының бірі, уағыздарында қозғалыс өкілдерін үнемі күреске үндеген.

Азаттықтың Ауған қызметі дереккөзге сүйене отырып, Хакканиге мүгедектігі бар адамның шабуыл жасағанын, кемінде алты адам қаза болғанын хабарлады. Reuters агенттігі құпия дереккөзге сүйене отырып, бұрын аяғынан айырылған шабуылдаушының жарылғыш құралды пластик протезіне жасырып келіп, медреседе жарғанын жазды.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG