Accessibility links

Украина қарулы күштері туралы Amnesty International баяндамасын халықаралық сарапшылар тексереді


Халықаралық Amnesty International құқық қорғау ұйымының "Украина жауынгерлері тұрғын үйлер мен мектептерге орналастырылған" деген ақпаратын халықаралық сарапшылар тексереді. Бұл жөнінде Deutsche Welle жазды.

Құқық қорғаушылар баяндаманың неге теріс реакция туғызғанын анықтағасы келеді.

"Адам құқығы саласындағы жұмысымызды жақсарту және сабақ алу үшін қай жерде қате жібергенімізді білгіміз келеді ", — дейді халықаралық ұйым.

Украина билігі Amnesty International "Ресей пропагандасына сүйенген, Ресей агрессиясына лайықты баға бермейтін баяндама жариялады" деп мәлімдеген.

  • Amnesty International 4 тамызда жариялаған баяндамада "Украина қарулы күштері Ресей басқыншылығын тоқтату кезінде жауынгерлерін тұрғын үйлерге, мектептер мен ауруханаларға орналастырып, бейбіт адамдарға қауіп төндірді" деген еді.
  • Бұл қорытындыға Киев наразылық білдірген. Украина президенті Владимир Зеленский "жауапкершілікті Ресейден алып, Украинаға жүктеуді көздейтін арсыз баяндама" деп атаған.
  • Халықаралық ұйым басшысы Агнесс Каламар "мұндай сындар Amnesty International қырағылығын бәсеңдетпейді және фактілерді өзгерте алмайды" деп жауап берген. Каламар қорытындыға дәлел бар екенін айтқан.
  • Оған жауап ретінде Amnesty International ұйымының Украинадағы жетекшісі Оксана Покальчук ұйымнан шығып кеткен. Ол "баяндаманы жазуға Украинадағы офис қатысқан жоқ" деп мәлімдеді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG