Accessibility links

ІІМ Назарбаев университетіндегі "зорлау" мен "харассмент" фактілерін тексеретінін мәлімдеді


Назарбаев университеті.
Назарбаев университеті.

Полиция Назарбаев университетіндегі "зорлау" және "харассмент" фактілерін тексереді. Бұл жөнінде ішкі істер министрлігіне сүйенген ҚазТАГ агенттігі хабарлады.

Осыған дейін Назарбаев университетінің студенті делінген Адина есімді қыз аталған жоғары оқу орнында сабақ беретін кейбір оқытушының қыздарға қырындап тиіскенін айтқан. Мысалы өзіне оқу орны зертханасының қызметкері тиіскен. Бұған қоса, ол жоғары курста оқитын кейбір жігіттердің кіші курстағы қыздарға харассмент жасап, қыздардың кейбірі зорланғанын айтқан.

"Видеомәлімдеме Есіл ауданы полиция басқармасында тіркелген. Полиция қызметкерлері қазір тексеріп жатыр" деп жазылған хабарламада.

Видеомәлімдеме авторы кәмелетке толмаған қыздардың да харассментке ұшыраған жағдайлар болғанын айтып, "оқиға құрбандарын" үнсіз қалмауға үндеген. Оның айтуынша, зорлықшылар оқу орнында танымал болғандықтан көбі оқиға құрбандарының сөзіне сенбейді.

Назарбаев университетінің әкімшілігі әзірге оқиғаға түсініктеме бермеді.

Қарай отырыңыз: Stopharass! Қазақстанда харассмент оқиғаларды тіркейтін сайт ашылды (15 сәуір 2022 жыл).

Stopharass! Қазақстанда харассмент оқиғаларды тіркейтін сайт ашылды
please wait

No media source currently available

0:00 0:03:53 0:00

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG