Accessibility links

АҚШ Украинаға $775 млн қаражат әскери көмек береді


АҚШ-тың танкілерді жоятын қуатты қаруы Javelin жүйесін украин жауынгерлері қолданып жатыр.
АҚШ-тың танкілерді жоятын қуатты қаруы Javelin жүйесін украин жауынгерлері қолданып жатыр.

Пентагон өкілдері АҚШ Украинаға тағы жаңа әскери көмек пакетін әзірлеп жатқанын мәлімдеді. Пакеттің жалпы құны 775 млн доллар. Украинаға жеткізілетін қару-жарақ арасында 105-миллиметрлік гаубица (16 дана), барлау мақсатында қолданылатын Scan Eagle дроны (15 дана), бронды техника, танкілерді жоятын Javelin жүйесі (1000 дана) мен оған қажет оқ-дәрілер бар.

Осылайша АҚШ-тың Ресей басқыншылығы басталғалы бері Украинаға берген көмегі 10,6 млрд долларға жетті.

Ресейдің Украинаға басып кіргеніне алты айға жуықтады. Қазір Ресей армиясы Донецк, Луганск, Херсон облысының бір бөлігі сонымен бірге Запорожьені басып алды. Әскери сарапшылар қазір майданда ұрыс бәсеңдегенін, шабуылға шығатындай екі жақта да дәрмен қалмағанын айтады.

  • Ресей билігі "қақтығысты ушықтырып жібереді" деп Батыстың Киевке қару-жарақ беруін сынаған. Ресей сыртқы істер министрлігі Батыс елдері Украинаға шабуыл жасайтын қару-жарақтар жеткізсе, Ресей "арнайы операцияның географиялық міндеттерін" ұлғайтады деп мәлімдеген.
XS
SM
MD
LG