Accessibility links

Денсаулық сақтау министрлігі оқушылардың есірткіге тәуелділігін анықтайтын тест енгізуді ұсынды


Illustrative photo - drugs
Illustrative photo - drugs

Ведомство сайтының хабарлауынша, Денсаулық сақтау министрлігі білім беретін мектептерде есірткі немесе психотроптық заттар қолданғанды анықтайтын психологиялық тест енгізуді ұсынған.

Денсаулық сақтау министрі Ажар Ғиният жастар саясаты кеңесінің отырысында есірткі немесе психотроптық заттар қолданғанын ертерек анықтау үшін білім беру жүйесіне оқушыларға психологиялық тест тапсыруды енгізу мәселесін қарастыруды ұсынды.

Министрдің мәліметінше, синтетикалық есірткіге тәуелді балалар мен ересектер 5 жыл ішінде 14 есе өскен. (2017 жылы - 40 адам, 2022 жылдың 1 шілдесінде - 587 адам).

Ажар Ғиният Қазақстанда психикалық саулықты қорғауға арналған бірыңғай байланыс орталығын құру қажеттігін айтты.

Бұдан өзге, денсаулық сақтау министрлігі нашақорлықпен күреске арналған профлиактикалық шаралар мен емдеу-сауықтыру шаралардың тиімділігін арттыру үшін мемлекеттік органдар мен қоғам мүшелерін тарту керек деп санайды.

Денсаулық сақтау министрлігінің мәліметінше, психикалық белсенді заттарды пайдалану салдарынан "Психикалық мінез-құлықтың бұзылуы" (ПМБ) диагнозымен 107 898 адам динамикалық бақылауда тұр. Оның ішінде 6245-і - 18-ден 29 жасқа дейінгі жастар. Олардың ішінде 46% -ы есірткі және психотроптық заттарды тұтыну салдарынан есепке алынған".

Денсаулық сақтау министрлігі “синтетикалық есірткіге” тәуелді адамдардың көбейіп барады деп санайды.

Бүгінде Қазақстанда жастарды зиянды әдеттен арылту, салауатты өмір салтын қалыптастыру мақсатында 166 орталық жұмыс істейді.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG