Accessibility links

Нұр-Сұлтан Украина елшісіне наразылық білдірді


Қазақстан сыртқы істер вице-министрі Ермұхамбет Қонысбаев және Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский.
Қазақстан сыртқы істер вице-министрі Ермұхамбет Қонысбаев және Украинаның Қазақстандағы елшісі Петр Врублевский.

Қазақстанның сыртқы істер министрлігі Украина елшісі Петр Врублевскийді шақырып, соғыс және ресейліктер жайлы айтқан пікіріне қарсылық білдірді.

Сыртқы істер министрлігі мұндай мәлімдеме шетел елшісінің қызметіне лайықсыз және орынсыз деп есептейтінін жеткізген.

“Мұндай іс-әрекет мемлекеттер арасындағы достық мәмілеге кедергісін тигізбеуі тиіс", - деген министрлік.

21 тамызда Врублевский қазақстандық блогерге сұқбат беріп, "Көбірек өлтіруге әрекет жасаймыз. Қазір орыстарды қаншалық көп өлтірсек, балаларымыз да кейін соншалық азырақ өледі", деген.

Сұқбаттың осы фрагменті Крмельге жақын басылымдарда, әлеуметтік желілерде пайда болған. Оны Ресей СІМ өкілі Мария Захарова да Телеграм каналына жариялаған.

Қазақстан халқы ассамблеясы да мұндайға "жол беруге болмайтынын" айтып, елшінің мәлімдемесін сынаған.

Ресей Украинаға 2022 жылы 24 ақпанда басып кірген. БҰҰ мәліметінше, 22 тамыздағы жағдай бойынша 5587 бейбіт украин азаматы қаза тапқан, 362-сі – бала. Украина билігі ресейлік әскерге қатысты көптеген істерді тергейді. Ресей бейбіт азаматтардың қазасына қатысы барын мойындамайды. Ресейдің экономикалық одақтасы Қазақстан Мәскеудің әскери басқыншылығын ашық айыптаған жоқ. Халықаралық құқық қорғау ұйымдары Ресей күштерінің әрекетін әскери қылмыс деп атаған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG