Accessibility links

Навальный штабындағы белсенді ФСБ-ға жұмыс істегенін мойындады


Алексей Навальный штабында жұмыс істеген Михаил Соколов Ресейден кеткенге дейін, ұзақ жылдар бойы Федералды қауіпсіздік қызметіне жұмыс істегенін мәлімдеді.

Қазір Нидерландыдағы босқындар лагерінде тұратын Соколов "Вёрстка" басылымына сұқбат беріп, 2016 жылдан бері арнайы қызмет өкілдерімен байланысы барын жеткізген.

Соколов 19 жасында әскерге барудан қашқан. ФСБ өкілдері әскердің орнына оппозиция құрамына кіріп, ақпарат жеткізу жұмысымен айналысуды ұсынған. Айына 10 мың рубль беріп тұрамыз деген. Ол ФСБ өкілдеріне оппозицияның барлық жоспарын жеткізіп отыруы тиіс болған.

Бір жыл өткен соң Соколов Навальный штабымен байланысты Азаматтардың құқығын қамтамасыз ету қорының атқарушы директоры болады. Ол ұйымға ақша қайдан бөлінеді, бәрін ФСБ-ға баяндап беріп отырған.

2021 жылы Ресейде Алексей Навальныйдың штабы экстремистік ұйым деп танылған соң, ФСБ Соколовқа Грузияға көшуге көмектеседі. Ресей Украинаға қарсы соғыс бастағаннан соң, Соколов Нидерландыға қашып кеткенін, ол сол жақтан саяси баспана алғысы келетінін мәлімдеген.

XS
SM
MD
LG