Accessibility links

БАҚ: Сирияда Ислам революциясы сақшылары корпусының жоғары лауазымды командирі өлтірілді


Ислам революциясы сақшылары корпусының жоғары лауазымды командирі Әбілфазыл Әлижан.
Ислам революциясы сақшылары корпусының жоғары лауазымды командирі Әбілфазыл Әлижан.

Иран ақпарат құралдары Сирияда Ислам революциясы сақшылары корпусының жоғары лауазымды командирі Әбілфазыл Әлижан өлтірілгенін хабарлады. DEFA агенттігі 23 тамызда қаза тапқан командирді "киелі жерді қорғаушы" (Иранда Сирия немесе Иракта әскери қызмет еткен ирандықтарды солай атайды) деп атады. Бірақ командирдің қандай жағдайда қаза тапқанын нақтыламады.

Әлижан Ислам революциясы сақшылары корпусының Исфахандағы күштеріне жетекшілік еткен. Иран оппозициясымен байланысты Iran International басылымының жазуынша, Әлижан Сирияда "әскери кеңесші" болған.

Иран 2012 жылдан бері Сириядағы Башар Асад күштеріне әскери қолдау көрсетіп келеді, бірақ әскер жібергенін мойындамайды. Соған қарамастан Иран ақпарат құралдары жүздеген иран жауынгері мен командирлерінің қазасы жөнінде хабарлаған.

Ислам революциясы сақшылары корпусы Иран экономикасының шамамен 40 пайызын бақылайтын ықпалды әскери ұйым. АҚШ оны террористік ұйымдар қатарына жатқызған.

XS
SM
MD
LG