Қырғызстанның Ұлттық қауіпсіздік жөніндегі мемлекеттік комитеті қару-жарақ тасымалымен заңсыз айналысқан деген күдікпен үш жихадшыны ұстағанын мәлімдеді. Олардың бірі ұйымдасқан қылмыстық топтың мүшесі деп айтылады.
Тергеу мәліметіне сәйкес, ұсталғандардың бірі Әбу Нұр деген лақап атымен танымал адам діни жамағат ұйымының лидері болған. Бұл топ бірнеше жыл бойы Сириядағы содырларға қару-жарақ тасымалдаумен айналысып келген.
Ұсталғандардың екіншісі – Дженго деген атпен танымал қылмыс әлемінің мүшесі Кадыр Досонов. Үшіншісі - "Имарат Кавказ" деген террористік ұйымның мүшесі. Ұстау кезінде олардан қару-жарақ тәркіленген.
ПІКІРЛЕР