Accessibility links

Мәскеу тұрғыны Бас штаб құпия бөлімі қызметкерінің көлігін өртегені үшін ұсталды


Бас штаб кеңсесі. Көрнекі сурет.
Бас штаб кеңсесі. Көрнекі сурет.

Сенбі күні 65 жастағы Мәскеу тұрғыны Бас штаб құпия бөлімі қызметкерінің көлігін өртегені үшін ұсталды. Әйел адам Украинадағы соғысқа қарсы екенін жеткізген. Бұл жөнінде құпия дереккөзге сүйенген "База" басылымы жазды. Shot басылымының хабарлауынша, ұстау кезінде күдікті "Азов – күш" (украин армиясының бөлімшесі) деп айқайлаған.

Қымбат BMW X6 көлігі сенбі күні қаланың солтүстік-батысында Ленинград даңғылындағы аулалардың бірінде өртенген. Baza мен Mash жазуынша, ол Бас штабтың 8-басқармасы бастығының орынбасары Евгений Секретаревке тиесілі. Бөлім құпияны сақтау, ақпаратты шифрлеу және әскери цензураға жауапты.

Зардап шеккендер жайлы ақпарат жоқ. Көлік иесінің офицер немесе қарапайым маман екені де айтылмайды. Shot редакциясына берген сұхбатында Секретарев күдіктіні танымайтынын, аулаға кездейсоқ тоқтағанын айтқан. (Mash жазуынша, күдікті онымен бір үйде тұрады). Басқарма бастығының орынбасары майордан бастап генерал-майорға дейін атаққа ие бола алады.

XS
SM
MD
LG