Қытайдың Қырғызстандағы елшілігі Қытайға барып оқитын қырғыз студенттеріне жеңілдікпен виза беру мәселесін қарастырып жатыр. Бұл жөнінде Қытайдың Қырғызстандағы елшісі Ду Дэвэн қырғыз министрлер кабинеті төрағасының орынбасары Еділ Байсаловпен кездескен кезде мәлімдеді.
Үкіметтің баспасөз қызметінің хабарлауынша, елші Қытай жағы Қырғызстаннан студенттерді қайта қабылдай бастағанын, 25 тамыз бен 30 қыркүйек аралығында елшілікте виза алу бойынша "жасыл дәліз" ұйымдастырылып жатқанын жеткізген.
Қырғыз жастары Қытай жоғары оқу орындарында мемлекеттік бағдарламалар арқылы да, жеке гранттар арқылы да оқиды. Кейінгі жылдары коронавирус індетіне байланысты студенттер Қытайға баруда қиындықтарға тап болған.
Ресми ақпаратқа қарағанда, Қытай жағы екі ел арасында әуе қатынасын арттыру мәселесін де қарастырып жатыр.
ПІКІРЛЕР