Accessibility links

Қытай Қырғызстан мен Өзбекстан арқылы Ауғанстанға тауар тасымалдамақ 


Ташкентте "Узбекистон темир йуллари" (Өзбекстан темір жолдары) ұлттық компаниясының бастамасымен Өзбекстан, Ауғанстан, Қырғызстан және Қытайдың халықаралық логистика компаниялары өкілдері бас қосты. Келіссөз кезінде тараптардың логистикалық инфрақұрылымын модернизациялау, Қытайдың Қашғар теміржол станциясынан Ауғанстанның Хайратон теміржол станциясына тауарларды жеткізуді жеделдету процесі талқыланды.

Ауғанстаннан келген қонақтар жұмыс тобының барлық шешімдерін қолдап, төртжақты келісімге қол қойылған. Жиынға Өзбекстан көлік министрі Ильхом Махкамов пен Ауғанстанның Өзбекстандағы елшісі Ахмад Холид Элми қатысты.

Бір жыл бұрын "Талибан" қозғалысы (әлемнің басым бөлігінде және Қазақстанда террористік ұйым деп танылған) Батыс қолдап келген ауған үкіметін құлатып, билікке келді. Содан бері тәліптер билігін күшейтіп, елдегі оппозицияны басып-жаншыды.

Сарапшылар тәліптер билікке монополия орнатып, этникалық және саяси топтардың көбін екінші орынға ысырып тастағанын айтып келеді. Сонымен қатар "Талибан" әйелдер құқығы мен сөз бостандығына шектеу қойып, бұл талаптарға қарсы шыққан журналистер мен құқық қорғаушыларды түрмеге қамап, қысым көрсетеді. Тәліптер билігін ешбір ел мойындамады.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG