Accessibility links

Өзбекстан елшілігі Украинаға өзбек азаматтарының ұсталуына байланысты нота жолдады


Украин жауынгерлерінің Ресей әскері жағында соғысқан өзбек азаматын ұстаған сәт.
Украин жауынгерлерінің Ресей әскері жағында соғысқан өзбек азаматын ұстаған сәт.

Украина аумағында Ресей жағында соғысқан екі өзбек азаматының тұтқынға түскені туралы видео әлеуметтік желілерде тараған соң, Өзбекстанның Киевтегі елшілігі Украина сыртқы істер министрлігіне нота жолдап, "шынайы әрі толық ақпарат" талап етті.

Өзбекстанның Киевтегі елшілігі Украина сыртқы істер министрлігіне ресми нота жолдады, деп хабарлады елшілік сайты.

Мұның алдында әлеуметтік желілерде Украина қарулы күштерінің ел аумағында соғысқан екі өзбекстандықты ұстаған сәті бейнеленген видео тараған.

"Осы видеоға қатысты расталмаған мәлімет таратпауға, мәселенің мән-жайы анықталғанша күте тұруға үндейміз", — деп сұрады Өзбекстанның Украинадағы елшілігі.

Украин журналисі Юрий Бутусов қарымта шабуыл кезінде Украина қарулы күштерінің барлау тобы Ресейдің колоннасына соққы жасағаны туралы видеорепортаж дайындаған. Жауынгерлер қарсы тараптың техникасының бір бөлігін жойып, сарбаздарын тұтқынға алған.

Сондағы екі тұтқын "Редуг" жекеменшік әскери компания құрамында соғысу үшін Украинаға Өзбекстаннан келгенін мәлімдеген. Самарқан қаласының 22 жастағы Мұхриддин Ахметов минометшілер батареясы сапында калибрі 120 мм болатын минометпен атқанын, жекеменшік компанияға табыс табу үшін кіргенін мәлімдеген. Тағы бір тұтқын Украинадағы соғысқа қатысуға оны мәжбүрлегенін, өйткені Ресейде бес жыл құжатсыз тұрғанын айтқан.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG