Accessibility links

Пелоси Арменияға баратынын растады. Ереван мен Баку шекарада жағдай тұрақталғанын айтты


Нэнси Пелоси
Нэнси Пелоси

АҚШ өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси 16 қыркүйекте алдағы демалыс күндері Арменияға баратынын растады. Сапар 200-ден астам адам қырылған Армения мен Әзербайжан арасында жуырдағы қақтығыстан кейін болайын деп тұр.

Берлинде журналистер сұрақтарына жауап берген Пелоси 17 қыркүйекте Арменияға баратынын, делегация құрамында тегі армян америкалық депутат болатынын айтты. Пелосидің айтуынша, сапар армян-әзербайжан шекарасындағы жағдай ушыққанға дейін жоспарланған.

Армения қорғаныс министрлігі бұған дейін "шекарадағы жағдай өзгеріссіз" қалғанын айтқан.

2020 жылдың күзінен бергі ең ірі оқиға – 13 қыркүйекте тұтанған қақтығыс Армения Қауіпсіздік кеңесінің мәліметінше, "халықаралық қауымдастықтың араласуымен" 15 қыркүйекке қараған түні тоқтаған.

Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев Өзбекстанда өткен Шанхай ынтымақтастық ұйымының саммиті кулуарында Ресей президенті Владимир Путинмен келіссөз өткізіп, әзербайжан шекарасында жағдай тұрақталғанын айтты.

XS
SM
MD
LG