Accessibility links

Польшада ондаған Ресей азаматы ықтиярхат мерзімін ұзарта алмады


Ресейдің Украинаға басып кіруіне наразылық акциясы. Варшава, шілде айы 2022 жыл.
Ресейдің Украинаға басып кіруіне наразылық акциясы. Варшава, шілде айы 2022 жыл.

Польшаға соғысқа дейін барған ондаған Ресей азаматы ықтиярхат мерзімін ұзарта алмаған немесе ала алмаған. Поляк қызметкерлері "қызметтік пайдалану бойынша ақпарат" деп себебін түсіндірмеген. Бұл жөнінде BBC-дің Орыс қызметі жазды.

Сайтқа сұхбат берген азаматтар олардың көші-қондағы істері жойылатыны жайлы хабарлама келіп түскенін айтқан. Бірақ оның себебін "құпия ақпарат" деп түсіндірмеген.

Польша заңы бойынша, ықтиярхат ала алмаған азамат 30 күн ішінде елден кетуі тиіс немесе шешімді сотқа беру қажет. Іс қаралып жатқан шақта елде қалуға болады.

BBC-дің жазуынша, 2021 жылы елде 6,3 мың Ресей азаматының ықтиярхат алу туралы өтініші кері қайтарылған. Ал биыл жыл аяқталмай жатып бұл көрсеткіш алты мыңға жеткен. Мысалы, Польшаның Мазовец облысында былтырмен айырмашылық айқын байқалады: 2021 жылы 573 шешім кері қайтарылса, биыл 663 өтініш орындалмаған.

Заңгерлердің айтуынша, азаматтық негізде ықтиярхатты беру немесе ұзартудан бас тарту ЕО ережелеріне қайшы. Бірақ іс жүзінде шешімнің қандай негізде қабылданғанын дәлелдеу қиын.

XS
SM
MD
LG