Accessibility links

Қырғызстанда соңғы бір аптада 3,5 мың Ресей азаматы тіркелген


21 қыркүйектен бері Қырғызстанда Ресейдің 3,5 мыңнан астам азаматы тіркеуге алынған.

Ережеге сәйкес, Қырғызстанға келген ресейліктер ел аймағында 30 күнге дейін тіркеусіз жүре алады. Одан кейін алты айға тіркеуге тұруы тиіс. Алты ай өткеннен кейін және елден шығып кетуі немесе тіркеуді тағы жарты жылға ұзартуы тиіс.

Ресми мәлімет бойынша, биыл соңғы сегіз айда Қырғызстанға келіп, тіркелген ресейліктердің саны 170 мыңға жуық.

Ал 2021 жылы осы аралықта 141 ресейлік тіркеуде тұрған.

21 қыркүйекте жарияланған мобилизацияға байланысты жүздеген ресейлік, оның ішінде ер адамдар жаппай өлкеден шығып жатыр.

Ресейде қазір мобилизацияға қарсы акциялар өтіп жатыр. Бірақ оның бәрі қатысушыларды ұстаумен аяқталып жатыр.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG