Accessibility links

Алматы әуежайында интернет өшіп, рейстер кешікті


28 қыркүйекке қараған түні Алматы әуежайында интернет өшіп, соның салдарынан таңғы рейстер кешікті, деп хабарлады Air Astana әуе компаниясы.

Ақпаратқа қарағанда, таңғы сағат 4-тер шамасында Алматы әуежайында провайдермен интернет байланыс үзілген. Атырау әуежайында да интернет нашарлаған.

Әуе компаниясының хабарлауынша, қызметкерлер жолаушыларды қолмен тіркеуге мәжбүр болып, нәтижесінде Алматыдан ұшатын таңғы рейстер бір жарым сағатқа кешіккен.

Әуежайда интернет байланыс сағат 8.40 шамасында қайта қалпына келген.

Бұған дейін қазақстандықтар Beeline мен Tele2 интернетінің дұрыс істемей тұрғанына шағымданған. Beeline компаниясының қызметті қолдау өкілдері Қазақстан бойынша интернет баяулағанын, себебін білмейтіндіктерін мәлімдеген. Tele2 баспасөз қызметі Zakon.kz сайтына интернетпен проблема ғаламдық деңгейде болып жатқанын және одан операторлар да зардап шегіп жатқанын айтқан.

XS
SM
MD
LG