Accessibility links

Азат етілген Лиман қаласында адамдар жаппай жерленген қорымдарды зерттеу басталған


Биыл мамыр айында Ресей әскері басып алған, таяуда Украина әскері азат еткен Лиман қаласында адамдар жаппай көмілген қабірден 20 адамның денесі қазып алынған. Бұл туралы Украина полициясы хабарлады.

Лиман қаласы Украина бақылауына өткен соң адамдар жаппай жерленген екі қорым белгілі болған. Біреуінде 200-ге жуық қарапайым адам жеке қабірлерге көмілген, екіншісі - Украина әскери қызметкерлерінің бауырластар зираты. Эксгумация мақсаты – өлгендердің кім екенін және неден өлгенін анықтау.

29 қыркүйектен бері Украина полициясы Донецк облысының азат етілген елдімекендерінен 87 адамның денесін тапқан. Олардың көбінен оқ жарықшағы табылған.

Қыркүйектің басында Украина әскері азат еткен Харьков облысының Изюм қаласында көп адам жерленген қорымнан 400-ден астам адам денесі шыққан. Арасында азаппен өлтірілгендер бар.

  • Жексенбіде Украина еріктісі, "Азов" полкінің бұрынғы командирі Максим Жорин әлеуметтік желіге видео салып, оны Харьков облысының Купянск қаласын Ресей әскері бақылап тұрғанда түсірілген деген еді. Жориннің сөзінше, видео Ресей жауынгерінің телефонынан табылған. Видеода басына қап кигізілген қарапайым киімдегі әйел денесін бірнеше адам денесі жатқан шұқырға лақтырылғаны көрсетілген. Ресей телеграм-арнасы мұны "Ресей билігіне жұмыс істеген адамдарды Украина осылай азаппен өлтіріп жатыр" деп көрсеткен. Екі елдің билігі бұл видео жөнінде ресми түсінік бермеген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG