Accessibility links

Семейде мұғалімдердің жалақы алмағанына үш ай болған. Әкімдік мәселені "қағаз шаруаларымен" байланыстырады


Көрнекі сурет.
Көрнекі сурет.

Әлеуметтік желілер мен жергілікті БАҚ-та Семей қаласында мұғалімдердің жалақы ала алмай жүргені жөнінде анонимді шағымдар тарады.

– Жоқ, әлі төлеген жоқ, күндіз уәде берген. Қарызға батуға тура келді, – деді жергілікті мектептердің бірінде мұғалім болып істейтін қала тұрғыны Азаттыққа. Ол аты-жөнін айтқысы келмеді.

Оның сөзіне қарағанда, мұғалімдер наразылықтарын ашық айтудан қорқады, қудалап, жұмыстар қууы мүмкін деп санайды.

Семейдегі №6 мектеп-ғимназиясының директоры Азаттыққа жалақы "біртіндеп төлене бастағанын" айтты. Бірақ басқа сұрақтарға жауап беруден бас тартты. Ол "журналист білім бөлімінен рұқсат сұрауы тиіс" деді.

Мұғалімдер жалақының кешіктіріліп жатқанына шағымданған тұста Абай облысының әкімшілігі қағаз жұмыстарына байланысты бюджет қызметкерлеріне жалақы уақытында төленбегенін айтып, апта біткенге дейін мәселе шешілетінін жеткізді. Облыс әкімінің баспасөз қызметі қаржы құжаттарын көшіру жұмыстары 21 қазанда аяқталатынын айтты.

Жаңалық жарияланғанға дейін мұғалімдерге жалақының толық төленгені жайлы ақпарат түспеді. Еңбек кодексі бойынша, жұмыс беруші жалақыны кешіктіргені үшін жарна да төлеуі тиіс. Мұғалімдердің орташа жалақысы 200 мың теңге деп есептесек, Қазақстан ұлттық банкінің базасы (жарна соған сәйкес есептеледі) ұлғайтылған тұста, бюджет едәуір шығынға ұшырауы мүмкін.

XS
SM
MD
LG