Accessibility links

Қастандықтан кейін жазушы Салман Рушдидің бір көзі көрмей қалған


Жазушы Салман Рушди
Жазушы Салман Рушди

Биыл тамыз айындағы қастандықтан кейін жазушы Салман Рушдидің бір көзі көрмей қалған. Бұл жөнінде жазушының әдеби агенті Эндрю Уайли хабарлады.

Уайли сөзіне қарағанда, жазушының бір қолы да қозғалмай қалған. Ол Рушдидің қазір қайда екенін айтпаған.

Биыл 12 тамызда Нью-Йоркте лекция оқып тұрғанда Салман Рушдиге қастандық жасалған. Ливаннан шыққан АҚШ тұрғыны жазушыға бірнеше рет пышақ салып, қолға түскен. Рушди ауруханаға жатқызылып, жасанды тыныс аппаратына қосылған.

  • Шығу тегі үнді, Британия жазушысы, 75 жастағы Салман Рушдидің 1988 жылы жариялаған романын радикал көзқарастағы мұсылмандар Мұхаммед пайғамбарға тіл тигізу деп бағалаған. Иранның сол кездегі аятолласы Хомейни жазушыны өлтіру жөнінде пәтуа шығарған. Өлтірген адамға 3 миллион доллар берілетіні хабарланған. Жазушы сонан бері полиция күзетімен жүреді. 2000 жылы Ұлыбританиядан АҚШ-қа көшкен.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG