Accessibility links

АҚШ Украинаға 275 млн доллар көлемінде әскери көмек береді


HIMARS қондырғысы.
HIMARS қондырғысы.

АҚШ Украинаға 275 млн доллар көлемінде тағы әскери көмек береді. Бұл жөнінде 28 қазанда АҚШ мемлекеттік департаменті мен қорғаныс министрлігі мәлімдеді.

Көмек бірінші кезекте украин армиясының оқ-дәрі арсеналын толықтыруға бағытталған. Осы көмек аясында Украинаға дүркіндетіп ататын HIMARS жүйесі, танкіні жоятын қондырғыларға арналған 2 мың снаряд, 155 миллиметрлік гаубицаға арналған басқармалы снарядтар, 1300-ден асатын танкілерді жоятын жылжымалы жүйе, Humvee броньды техникасының 125 данасы, спутник байланысына арналған 4 антенна беріледі. Барлық оқ-дәрі мен жабдық Пентагон қорынан алынады.

АҚШ мемлекеттік департаментінің мәліметінше, 2022 жылдың 24 ақпанынан бері Вашингтонның Украинаға бөлген әскери көмегінің жалпы көлемі 18 млрд долларға жуықтаған.

"Жоғарыда аталған жүйелердің көбі әскери қимыл барысына ықпал етіп жатыр. Сол себепті, мысалы, біз Украинаға HIMARS жүйесіне арналған көп зымыран беріп отырмыз" деді Пентагон өкілі Сабрина Сингх.

Оның айтуынша, Ресей Украинаның инфрақұрылымын қиратып жатқан шақта спутник байланысы жүйесі украин армиясын байланыспен қамтамасыз етеді.

Бір күн бұрын АҚШ қорғаныс министрі Ллойд Остин қараша соңында Киев NASAMS зенит ракета кешенін алады деп мәлімдеген. Бұл АҚШ-тың қару жүйесіндегі ең озық технологиямен жабдықталған қару түрі. Оны сатып алуға қаражат бөлінген.

XS
SM
MD
LG