Accessibility links

Ауғанстанда тәліптер полицияның әйелдер бөлімшесін құрды


Ауғанстанда билікте отырған "Талибан" қозғалысы (Қазақстанда террор ұйымы ретінде тыйым салынған) полицияның әйелдер бөлімшесін құрды.

Оған былтыр тамыз айында елдегі билікті тәліптер басып алғанға дейін ішкі істер министрлігі қарамағында жұмыс істеген әйелдерді тартып жатыр. Қазір 100-ге жуық әйел дайындықтан өтіп жатыр деп хабарлады Азаттықтың Ауған қызметі.

Құқық қорғаушылардың айтуынша, тәліптер әйел полицейлерді белсенді қыз-келіншектердің митингісін таратуға жұмсамақ.

Тәліптер Ауғанстанда билікке келгеннен кейін әйел құқығын сақтауға уәде берген. Бірақ іс жүзінде керісінше, қатаң шектеулер енгізді. Исламистер 20 жыл бұрын құрылған Әйел ісі жөніндегі министрлікті жойып, қыздардың мектепте білім алуына шектеу енгізді, қыздарға спортпен шұғылдануға тыйым салды.

Биыл жазда тәліптер әйелдерге көшеге жалғыз шықпауға және көпшілік арасында бет-жүзін жауып жүруге міндеттеген.

Бір күн бұрын ел астанасы Кабулда университет түлектері әйелдерге білім алуға және мемлекеттік мекемелерде жұмыс істеуге рұқсат беруді талап етіп, акция өткізген.

"Талибан" қозғалысын көптеген елдер террорист ұйым деп таныған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG