Accessibility links

Ақ үй: Солтүстік Корея Ресейге құпия түрде оқ-дәрі тасымалдаған болуы мүмкін


Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин.
Солтүстік Корея басшысы Ким Чен Ын (сол жақта) және Ресей президенті Владимир Путин.

АҚШ Солтүстік Корея құпия түрде Ресейге артиллерия снарядтарын тасымалдап жатқан болуы мүмкін деп күдіктенеді. Бұл туралы CNN телеарнасы Американың барлау қызметі мен президент Джо Байден әкімшілігі өкілдеріне сілтеп хабарлады.

АҚШ барлау қызметінің дерегінше, Солтүстік Корея оқ-дәрі Таяу Шығыс және Солтүстік Африка өлкелеріне кетіп жатқандай түр көрсетуге тырысқанымен, шын мәнінде оларды Ресейге жіберген деген күдік бар.

Бірақ Пхеньянның Ресейге қанша оқ-дәрі жөнелткені жөнінде мәлімет жоқ. Алайда АҚШ ұлттық қауіпсіздік кеңесінің өкілі Джон Кирби Вашингтон мәселені бақылап отырғанын айтты.

Әзірге Ресей мен Солтүстік Корея өкілдері бұл мәліметке байланысты ешқандай пікір білдірмеді.

Қыркүйекте АҚШ барлау қызметі Ресей Солтүстік Кореядан артиллерия снарядтары мен зымырандар сатып алып жатқанын мәлімдеген.

Осыған дейін Ресей Ираннан "Шахед-136" деп аталатын әскери дрондар алып жатқаны белгілі болды. Бірақ Ресей қорғаныс министрлігі мен Иран ресми түрде ондай ақпарат шындыққа сай емес деп мәлімдеген.

Солтүстік Корея әлемдегі ең ірі артеллериялық қару-жарақ түрлеріне ие. Ол қару-жарақтың көбі кезінде совет армиясында болған калибрдегі снарядтарды қолданады. Демек оларда Ресей артиллериясы да пайдалана алады.

XS
SM
MD
LG