Accessibility links

Путин ауыр қылмысы үшін сотталғандарды мобилизациялауға рұқсат ететін заңға қол қойды


Ресей президенті Владимир Путин ауыр қылмысы үшін сотталып, жазасын әлі толық өтемегендерді мобилизациялауға рұқсат ететін заңға қол қойды. Құжат құқықтық ақпарат порталында жарияланды.

Ақпаратқа қарағанда "мобилизация туралы" заңға түзетулер енгізілген. Атап айтқанда, заңның 17-бап, 4-пункті бұрын ауыр қылмыс жасап, жазасын өтемеген барлық азаматты соғысқа шақыруға тыйым салса, енді бұл тыйым белгілі бір ауыр қылмыс түрлерін ғана жасағандарға (атап айтқанда, кәмелетке толмағандарға жыныстық сипатта қылмыс жасағандар, терроризм, заңсыз қарулы топ ұйымдастыру, ұшақты айдап әкету, ядролық материалдармен заңсыз жұмыс істеу, тыңшылық, мемлекет қайраткерінің өміріне қастандық жасау, билікті күшпен басып алу сияқты баптармен айыпталғандар) ғана қатысты.

Дегенмен мобилизация кезінде әскерден қашқандар, бұйрықты орындамағандар соғысқа қайта шақырылуы мүмкін.

Путин сонымен бірге келісім-шарт бойынша соғысқа аттанғандар мен еріктілердің мәртебесіне қатысты тағы бір заңға қол қойды. Құжат оларға жеңілдіктер мен өтемақы төлеу мәселесін қарастырады. Мысалы, егер ерікті соғыста опат болса, отбасы мүшелеріне 3 млн рубль көлемінде бір реттік өтемақы төленеді.

Жарақатына байланысты немесе соғысқа жарамсыздығына байланысты әскери қызметтен кеткен еріктіге де бір реттік 2 млн рубль өтемақы төленеді.

Бұған дейін Ресейде солдаттар соғыстың алғашқы алты айында бірде-бір рет ротация жүрмегенін, "әскери" төлемнің кешіктірілгенін айтқан. Кейбір жағдайда еріктілер өтемақыдан айрылғанына да шағымданған.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG