Accessibility links

АҚШ мемлекеттік департаменті Украинада Америка азаматының өлгенін хабарлады


Украинада Америка азаматы қаза болған. Бұл жөнінде АҚШ мемлекеттік департаментініне сілтеп CNN хабарлады.

"Қаза болған адамның отбасына жан-жақты консулдық көмек береміз. Отбасының жеке өміріне құрметпен қарай отырып, мұндай қиын сәтте өзге ештеңе айта алмаймыз", – деген ведомство АҚШ азаматының Украинада неден, қалай өлгенін тәптіштемеген.

Ресей басқыншылығы басталған шақта Украина "Шетел легионы" құрылатынын хабарлаған. Оған Украинаға көмектескісі келетін шетел азаматтары тартылған. АҚШ Укринадағы соғысқа қатысып жүрген азаматтарының саны туралы ресми ақпарат таратқан емес.

Бұған дейін Украинада АҚШ-тың алты азаматы қаза болғаны хабарланған. Брайан Янг пен Люк Люцишин шілдеде, Стивен Забельски мамырда, Вилли Кэнсел сәуірде, Дейн Партридж қазанда, Скайлер Джеймс Грегг қарашада өлген.

ПІКІРЛЕР

XS
SM
MD
LG